Ақпараттық хабар

2016 жылғы  төртінші тоқсанда Ұлттық Банк  базалық  мөлшерлеменің  деңгейін 2016 жылғы  3 қазанда 13%-дан 12,5%-ға  дейін, 14 қарашада – 12%-ға  дейін төмендету арқылы ақша-кредит талаптарын  жұмсартуды  жалғастырды.  Бұл шешімдер  болжам траекториясына сәйкес инфляцияның төмендеу серпініне, банктік салымдарды  долларсыздандырудың сақталып отырған қарқындарына, сондай-ақ халықтың  инфляциялық  күтулерінің  төмендеуіне  байланысты  болды.  Бұл жайлы ҚР  Ұлттық Банкінің сайтында  жарияланған  2016 жылғы 4-тоқсандағы инфляцияға  шолуда айтылған. 

Ақша-кредит саясатын жүргізу кезінде операциялық  бағдар  болып  табылатын TONIA мөлшерлемесі Ұлттық Банктің 2016 жылғы  төртінші  тоқсанда бір күндік РЕПО нарығына қатысуын қысқартуына қарамастан, пайыздық дәліздің төмен шегінде сақталды.  Алайда нарықта  мөлшерлемелердің құбылмалылығы  жиі  байқалды. Мәселен, салық төлемдері кезеңінде (қарашаның соңы – желтоқсанның басы) өтімділікке деген сұраныс өсті, нәтижесінде  мөлшерлеме  базалық мөлшерлеме деңгейінен жоғары  болып  қалыптасты. Инфляцияға шолуда 2016 жылғы желтоқсанның соңында мөлшерлемелердің өсуі жекелеген банктер тарапынан теңгемен өтімділікке деген сұраныстың өсуінің салдары  болып  табылады деп көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz