Жастар қандай қаржылық қателіктер жасамаулары тиіс екендігі жөнінде Fingramota.kz-пен қарастырып көрелік.
№ 1 қате. Бюджет жүргізбеу
Әдетте, жас адамдар «онсыз да бәрі түсінікті» деп көп жағдайда шығыстары мен кірістерін есептеп, тіркеп отырмайды. Алайда, ақшаға мұндай көзқарас ойсыз шығындарға әкеліп, ақшаның қайда кетіп жатқанын түсінбей, шын мәніндегі қажетті заттарға жетпей жатады. Табысыңыз нақты қайда жұмсалып жатқанын білмейінше, қаржыны бақылау, жинау және жоспарлау мүмкін емес.
Бұл проблеманың шешімі оңай: мысалы, CoinKeeper және ZenMoney сияқты қолжетімді қосымшалар арқылы шығындарды бақылап отыру. Өзінің тиімділігін дәлелдеген 50/30/20 сияқты қағида бойынша ай сайынғы бюджетті жүргізіп отыру, яғни міндетті шығындарға (жалдау, ипотека, тамақ, көлік, денсаулық), ойын-сауық және жинақтауға ақшаның белгілі бір пайызын үнемдеу.
№2 қате. Тапқан табысыңа қарай өмір сүрмеу
Бұл қате алдыңғы қатемен тығыз байланысты — кіріс пен шығысты қадағалап отырмай, тапқан ақшадан айтарлықтай көп ақша жұмсау әдет болып кетуі мүмкін. Мысалы, әлеуметтік желілер, жарнамалар және «керемет өмір» көптеген жастарды қарызға өмір сүруге итермелейді және олар статус үшін бұрынғысы жақсы жұмыс істе тұрса да соңғы маркалы телефон сатып алады, қол жетімді сегментте одан да кем емес заттар болса да бренд заттарға көп шығынданады. Мұндай қателік қарызға батуға, шамадан артық кредит алуға әкеледі, яғни ақшаны осылай жұмсай отырып маңызды мақсаттарға үнемдеу мүмкін емес.
Мұндайға ұрынып қалмау үшін, біріншіден, өзіңізді басқалармен салыстыруды тоқтатып, өмір туралы шындыққа жанаспайтын нәрселерге тұнып тұрған әлеуметтік желілерге аз уақыт жұмсау керек. Бейтаныс адамдарға жақсы әсер қалдыруға тырысқаннан гөрі қаржылық тұрақтылыққа ұмтылу әлдеқайда маңызды екенін түсінгеніңіз жөн. Сондықтан, кез келген сатып алу туралы шешімді кем дегенде бір күнге кейінге қалдыру керек: егер сіз нені қалайтыныңызды толық түсінсеңіз, затты кредитке емес, мысалы, қосымша кіріс көздерін пайдалану арқылы сатып алу керектігін ойластырыңыз.
№3 қателік. Қаржылық қауіпсіздік жастығын жасамау
Әлем геосаяси және қаржылық тұрғыдан бұрынғыдан да қиын жағдайда болса да, төтенше жағдайларға — жұмыстан айырылып қалу, сырқаттану жағдайына, отбасылық қиындықтарға ақша жинамайтын адамдар бар. Нәтижесінде, дағдарыс кезінде олар кредитке кіреді немесе үлкен қарызға батады.
Мұны әрбір кіріс көзінен — жалақы, сыйлықақы, стипендиядан белгілі бір соманы қалдырып қою арқылы өте қарапайым түрде іске асыруға болады. Осылайша сіз бірте-бірте үш-алты айға жететін шығыстарды жинайсыз және форс-мажорларға дайын боласыз.
№4 қателік. Ойланбай кредиттер алу
Кейбіреулер кредит карталарын сыйлық ретінде қабылдайды және оларды ойланбастан пайдаланып, қажетсіз нәрселерге жұмсайды. Бірақ бұл шын мәнінде оңай ақша емес және оның қарапайымдылығының артында сіз міндетті түрде төлейтін нақты шарттар мен пайыздар жатыр. Егер сіз төлемді кешіктірсеңіз, қарыз сомасы көбейе түседі, өсімпұл өседі және кредиттік тарихыңыз бұзылады.
Егер кредит картасы бәрібір қажет болса, онда сіз бірнеше маңызды ережелерді сақтауыңыз керек: барлық жағдайды және барлық тәуекелдерді зерттеп, ережелерді қатаң ұстаныңыз. Егер өзіңізге күмәндансаңыз, жүйкеңіз бен ақшаңызды үнемдеу үшін кредит картасынан бас тартқан дұрыс.
№ 5 қате. Мақсат қоймау
Пәтер сатып алу, шетелде демалу немесе көшу болсын, нақты қаржылық мақсат қоймасаңыз, үнемдеуге және жоспарлауға ешқандай мотивация болмайды. Егер бастаған ісін ешқандай мақсатсыз жасау қызықсыз болса, кез келген адам көп ойланбастан оны тез тоқтата қояды. Нәтижесінде ақша қанағат әкелмей, жүйесіз жұмсалады.
Сондықтан ең алғашқы қадам: қысқа мерзімді (мысалы, демалыс) және ұзақ мерзімді (үй сатып алу) мақсаттарды қою. Содан кейін оларды қадамдарға бөлу: қанша ақша қажет, қанша уақытта оны жинау керек, ай сайын қанша үнемдеу керек. Осылайша, сізде нақты мақсат пайда болады және сіз не үшін жұмыс істеп жатқаныңызды және не үшін жинап жатқаныңызды түсінесіз.
№ 6 қате. Бір сәттік пайдаға сену
Бүгінгі күні жастардың технологиялық прогреспен қатар келе жатқанына және IT саласын жақсы меңгергеніне қарамастан, өздерінің тым сенім білдіруіне байланысты қаржылық алаяқтардың айла-амалдарына жиі тап болады. Алаяқтар жастарды өздерінің қаржылық айла-амалдары үшін «дропперлер» ретінде тарта алады немесе сенімді қарым-қатынас орнату арқылы бірлескен бизнес ашуды немесе кірісі жоғары инвестициялық жобаға қатысуды ұсына алады.
Делдалдық, кірісі жоғары онлайн-жобалар арқылы жоғары табысқа байланысты ұсыныстарға немесе барынша көп адамды тарту арқылы ақша беруге уәде ететін немесе инвестицияның қайтарылуына кепілдік беретін компанияларға сенбеңіз. Мұндай уәделерді тек алаяқтар бере алады. Әрқашан кез келген ақпаратты қайта-қайта тексеріп, мүмкіндігінше сақ болыңыз!
Жас кезіңізде жасаған таңдауыңыз болашақта сіздің қаржылық әл-ауқатыңызға үлкен әсер етуі мүмкін. Егер сіз жиырма жасыңызда ақылға қонымды шығындар жасамасаңыз, кредиттік карталарды пайдалансаңыз, мерзімі өткен төлемдеріңіз болса және өз кредиттік тарихыңызды бұзсаңыз, онда сіз орта жасқа көп қарызбен кіресіз. Бірақ егер сіз өз бюджетіңізді ұтымды жоспарлауды, кірістер мен шығыстар арасындағы тепе-теңдікті сақтауды, инвестициялауды, алаяқтардың қулықтарын тануды үйренсеңіз, онда сіз өзіңізге лайықты және жайлы болашақты қамтамасыз ете аласыз.
Қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!