Публикации, отчеты, интервью

 Публикации, отчеты, интервью

«ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасы қазақстандықтарға пайдаланушылардың тәулік ішіндегі сұрақтарына жауап беретін Ұлттық Банк сарапшыларынан «кері байланыс» алу мүмкіндігін береді. Бұл туралы «Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді» арнайы жобасының шеңберінде ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев мәлімдеді.  

«ҚҰБ Online» қосымшасының пайдасы мен артықшылығын айтқанда мұның «екіжақты қозғалыстағы» байланыс арнасы екендігін түсіну маңызды. Егер пайдаланушылар оның көмегімен мамандардың кеңесі мен қаржы нарықтары туралы соңғы жаңалықтарды алатын болса, Ұлттық Банк қызметкерлері бұл құралды пайдаланушылардың көңіл-күй және мүдде индикаторын айқындау үшін пайдаланады, ал оның негізінде азаматтардың өтініштеріне талдау жасау жатыр. Бұл – жұмысымызда пайдаланылатын баға жетпес ақпарат», - деп атап өтті А. Терентьев.

«ҚҰБ Online» қосымшасының өзектілігі бірқатар факторларға байланысты. Біріншіден, соңғы уақытта халықтың қаржылық сауаттылығы айтарлықтай өсті, көптеген қазақстандықтар қаржылық қызметтердің белсенді пайдаланушылары болып табылады, валюта нарығындағы жаңалықтарды мұқият қадағалайды, айырбастау бағамын қалыптастыруға әсер ететін факторларды талдайды. Екіншіден, Интернет-технологиялардың дамуы және мобильдік қондырғылардың кеңінен таралуы смартфондағы немесе планшеттегі мобильдік қосымшаны пайдаланушы үшін реттеушінің қызметі мен қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселелері бойынша Ұлттық Банкпен шұғыл өзара іс-қимыл жасау үшін ең ыңғайлы құрал етті. Сонымен бірге «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасын пайдаланушылар реттеуші туралы ақпарат пен жаңалықты алғашқылардың бірі болып біледі.

ҚРҰБ деректері бойынша, өткен жылдың қарашасында іске қосылған қосымшаны наурыздың басындағы жағдай бойынша Play Market және App Store дүкендерінде үш мыңнан аса адам тегін жүктеп алған. Тіркелген пайдаланушылардың негізгі сұрақтары қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау тақырыбына, банкноттар мен монеталарды сатып алу, сату және айырбастау, банктік қызмет көрсету, төлем карточкалары және т.б. мәселелерге қатысты. Айта кетерлігі, «ҚҰБ Online» мобильдік қосымшасының көмегімен алынатын Ұлттық Банк мамандарының консультациялары ақпараттық-түсіндіру сипатында.

«ҚҰБ Online» қосымшасы мынадай негізгі жеті айдардан тұратынын атап өтеміз: «Банкноттар мен монеталар», «Ипотекалық кредиттер», «Айырбастау операциялары», «Банктерде қызмет көрсету», «Төлемдер», «Банкоматтардың жұмысы», «Өзге».

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz