Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Жалпы портфель. БЖЗҚ зейнетақы активтерін инвестициялау стратегиясына сәйкес сақтауды және кірістілікті қамтамасыз етуге бағытталған инвестициялық портфельді әртараптандыру мақсатында зейнетақы активтері валюталар, елдер, секторлар және эмитенттер бойынша қаржы құралдарының әр түріне инвестицияланады.

2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтері портфелінің көлемі 9 761,9 млрд теңге болды. Теңгемен номинирленген ақша қаражаты мен қаржы құралдары 6 613,1 млрд теңгені немесе 67,7%-ды, шетел валютасында номинирленген – 3 148,8 млрд теңгені немесе 32,3%-ды құрады.

Теңгемен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.  БЖЗҚ-ның теңгемен номинирленген зейнетақы активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңес жыл сайын мақұлдайтын бағыттар шеңберінде ғана инвестицияланады.

Теңгемен инвестициялар. 2019 жылғы сәуірде теңгемен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі 76,00 млрд теңге (ақша нарығы құралдарына инвестицияларды есептемегенде[1]) болды, оның ішінде:

  • орташа алынған кірістілігі жылдық 8,7%-бен 46,0 млрд теңге сомаға ҚР Қаржы министрлігінің МБҚ сатып алынды;
  • инфляцияға және жылдық 1,0% мөлшерінде сыйлықақыға тең кірістілігі бар Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің облигациялары 30,0 млрд теңге сомаға сатып алынды.

Қарастырылып отырған кезеңде теңгемен бос ақша қаражаты ақша нарығының қысқа мерзімді құралдарына да орналастырылған. Бұл ретте осы инвестициялар инвестициялаудың стратегиялық мақсаты болып табылмайды және зейнетақы активтерінің кірістілігін қолдау үшін ағымдағы өтімділікті басқару шеңберінде жүзеге асырылады.

Теңгемен өтеу және сату. 2019 жылғы наурызда бағалы қағаздар эмиссиясы проспектісінде белгіленген талаптарға сәйкес, ҚР ЕДБ-ның облигациялары бойынша негізгі борыш 5,5 млрд теңге жалпы сомаға өтелді, сондай-ақ  2,0 млрд теңге сомаға ҚР Министрлігінің МБҚ бойынша негізгі борыш өтелді.

Қаралып отырған кезеңде банктік салым шарттарында белгіленген талаптарға сәйкес ҚР ЕДБ-ның депозиттері бойынша негізгі борыш 1,6 млрд теңге жалпы сомаға мерзімінен бұрын ішінара өтелді.

Шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерінің портфелі.  

БЖЗҚ-ның шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтері БЖЗҚ-ның Инвестициялық декларациясында белгіленген валюталық активтердің жалпы құрылымына және инвестициялау стратегиясына сәйкес инвестицияланады. 

Шетел валютасымен инвестициялар. 2019 жылғы сәуірде шетел валютасымен номинирленген зейнетақы активтерін инвестициялау көлемі
168,7 млрд теңге болды.  Аталған көлемге жылдық 2,4% орташа алынған кірістілігі бар АҚШ Үкіметінің МБҚ-сы сатып алынды.

 Шетел валютасында өтеу және сату.

2019 жылғы сәуірде бағалы қағаздардың эмиссиясы проспектілерінде белгіленген мерзімдерге сәйкес тиісінше 94,6 млрд теңге және 3,9 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ бойынша негізгі борыш және «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ негізгі борышы өтелді. 

Есепті кезеңде мына бағалы қағаздар:

  • 38,1 млрд теңге сомаға АҚШ Үкіметінің МБҚ-сы;
  • 54,4 млрд теңге сомаға (143,5 млн АҚШ доллары) Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің МБҚ-сы сатылды.

Қолайлы нарықтық конъюнктураның болуын ескере отырып, Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің қалған МБҚ көлемі номиналдан 87,4% орташа алынған  баға бойынша сатылды, ол осы бағалы қағаздардың есепке алу бағасынан асып түседі. Әзірбайжан Республикасы Үкіметінің МБҚ ерікті қайта құрылымдау  шеңберінде 2014 жылы сатып алынған зейнетақы активтері портфеліндегі   Әзірбайжан Халықаралық Банкінің (бұдан әрі – ӘХБ) облигацияларын  айырбастау  нәтижесінде алынды.

АҚШ долларымен есептелген ӘХБ облигациялары бойынша иелену кезеңіндегі кіріс шамамен 27,5 млн АҚШ долларын немесе 11,0%-ды (жылдық 3,7%), теңгемен – шамамен 45,6 млрд теңгені немесе 100,4%-ды (жылдық 23,5%) құрады.

АҚШ долларымен есептелген Әзірбайжан МБҚ бойынша иелену кезеңіндегі кіріс шамамен 13,3 млн АҚШ долларын немесе 5,1%-ды (жылдық 3,5%), теңгемен – шамамен 13,8 млрд теңгені немесе 14,8%-ды (жылдық 10,1%) құрады.

2014 жылы ӘХБ облигацияларын сатып алған сәттен бастап және БҚ-ны номиналдың 87,26%-ынан төмен емес «таза» баға бойынша сату күніне дейін, барлық алынған сыйақыларды ескере отырып, кірістіліктің таза ішкі мөлшерлемесі (IRR) 4,0%-ды құрайды.

Инвестициялық қызмет нәтижелері. 2019 жылдың басынан бастап есептелген инвестициялық кіріс мөлшері 172,4 млрд теңгені құрады. 2019 жылдың басынан бастап салымшылардың (алушылардың) шоттарына бөлінген зейнетақы активтерінің кірістілігі 1,62%-ды құрады.

Бұл ретте 2019 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ салымшылары (алушылары) үшін соңғы 12 айдағы (2018 жылғы мамыр – 2019 жылғы сәуір аралығы) зейнетақы активтерінің кірістілігі 4,9% мөлшеріндегі инфляция кезінде 10,7%-ды құрады. Осылайша, соңғы 12 айда БЖЗҚ зейнетақы активтері бойынша нақты кірістілік 5,8%-ды құрады.


[1] ҚРҰБ ноттары мен депозиттері, ҚР МБҚ кепілімен «Валюталық своп» және «Кері репо» операциялары 

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz