Банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасын әзірлеу кезінде Ұлттық Банк бұрыннан бар халықаралық тәжірибені қолданды. Бұл туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Олег Смоляков Алматы қ. БАҚ-қа арналған брифинг барысында айтты.
Оның айтуынша, банктерді мемлекеттік қолдау бойынша халықаралық тәжірибенің негізгі міндеті залалдарды мемлекет, банктердің акционерлері және ірі кредиторлар арасында бөлу болып табылады, «Барлық елдерде қолдау құралдарын әртүрлі үйлестіру қолданылады», - деп мәлімдеді О.Смоляков. Біздің Бағдарламаның негізгі ерекшелігі оның біздегі банктік жүйенің ағымдағы ерекшеліктері ескеріле отырып әзірленгені болып табылады, бұл – мемлекет қаражатының үлесі асып түсетін банк міндеттемелерінің құрылымы және де банктердің жұмыс істейтін акционерлерінің өз банктерін қолдауға белсенді қатысуы».
Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, тиімді қадағалау құру, проблемалық банктерді анықтау және дәрменсіз банктерді реттеу үшін қаржылық есептіліктің шынайы жүйесі мен заңнамалық базаның болуы қажет, – деді О.Смоляков.
Мысалы, Бағдарламаға сәйкес, реттеуші банкке қатысты түзетуші және қадағалау шараларын қолдану аясында, егер реттеушінің пікірі бойынша, банк банкке немесе банк жүйесіне қауіп туғызатын қызметпен айналысқан жағдайда, қадағалау пайымын қолдану өкілеттіктеріне ие болуға тиіс. Сондай-ақ, шынайы өтеулер мен қалпына келтірулердің көрсетілуін, нарықтық және макроэкономикалық жағдайларды, провизиялау мақсаттарында кепіл мүлігінің құнын бағалау барабарлығын ескере отырып, жұмыс істемейтін қарыздарды уақытында есептен шығаруды қамтамасыз ету үшін банктер провизияларының жеткіліктігін бағалау. Және соңғысы – банктермен байланысты тұлғалармен мәмілелерді реттеу мақсатында байланысты тұлғаларды айқындау және анықтау. АҚШ, ЕО, Ресей және басқалары сияқты көптеген елдердің заңнамасы аталған қағидаттарға негізделген, деп атап өтті О. Смоляков.
Жалпы, оның сөзінше, реттеудің тиімді режимі дәрменсіз банктердің мемлекеттің қолдауына жүгінбеуі немесе осындай көмек көрсетіледі деп күтуді туғызбауға тиіс. Сонымен қатар, банктерге уақытша қолдау көрсету үшін мемлекеттің қаражатын қолдану, егер мұның жүйелі түрде теріс салдары болған жағдайда қажет болуы ықтимал. Бұл ретте, мемлекет қаражатын пайдалануды бастағанға дейін мықты қорғау тетіктерін, оның ішінде шығындарды ағымдағы акционерлерге бөлуді қамтамасыз ете алатын тетіктер енгізу талап етілетіндігін атап өтті О. Смоляков.