Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?

Онлайн-сақтандыру дегеніміз не және сақтандырушылар балаларға қандай өнімдерді ұсынады?

Жастарға арналған «OYLA» ғылыми-танымдық журналының қаржылық сауаттылық бойынша желтоқсан айындағы арнайы шығарылымында біз сақтандыру дегеніміз не, балаларға арналған қандай сақтандыру өнімдері бар, сондай-ақ сақтандыру полисін қалай дұрыс рәсімдеу керектігі туралы айтып береміз. Танымдық ақпарат, глоссарий, түрлі түсті иллюстрациялар, коллаждар – осының бәрі жас қаржыгерлерге материалды тез игеруге көмектеседі.

Балаларды не үшін сақтандыру қажет?

Біріншіден, негізгі мақсат үшін, атап айтқанда баланың өмірі мен денсаулығын сақтандыру үшін, екіншіден, белгілі бір мақсатқа, мысалы, жоғары оқу орнына түсуге белгілі бір ақша жинау үшін.

Ата-ананың өзі белгілі бір жасқа дейін ұлына немесе қызына қандай сома қажет болатынын анықтайды және сақтандыру компаниясының көмегімен ақша жинай бастайды. Бұл пайдалы және ыңғайлы. Жинақтаушы сақтандыру біз бұрын айтқан инвестициялар құралдарының бірі ретінде әрекет етеді. Бірақ бұл қаржы құралына инвестициялау қысқа мерзімде – 1-2 жыл ішінде жүзеге асырылмайтынын түсінуіңіз керек, бұл ұзақ мерзімді инвестициялар. Баланың шотына тұрақты түрде қанша ақша салу қажет болатынын сақтандыру компаниясы есептейді. Сақтандыру жағдайы туындаған жағдайда, сақтандыру компаниясы шарт талаптарына сәйкес соманы төлейді.

Әр түрлі тәуекелдерге байланысты балаларға арналған жеке сақтандыру бар: жарақаттар, аурудың белгілі бір түрлері, жәндіктердің шағуы (кейбір компаниялар, мысалы, кене шағуынан сақтандыруды ұсынады).

Сақтандыру компаниясымен шарт жасамас бұрын, нарықтағы барлық ұсыныстарды зерделеп, сақтандыру ұйымдарының талаптарымен танысып, «иә» және «қарсы» жақтарын өлшеп, содан кейін ғана асықпай, шешім қабылдаған жөн.

«OYLA» журналындағы балаларға арналған арнайы парақтар Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің қолдауымен Fingramota.kz. қаржылық сауаттылықты арттыру жобасы шеңберінде мемлекеттік тілде және орыс тілінде шығарылатынын еске саламыз.

Соңғы жаңалықтар

Ипотекалық сақтандыру: әрбір қарыз алушы нені білуі керек

Ипотекалық сақтандыру нені қамтиды және оның қандай түрлері бар екенін Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық! Әдетте, ипотекалық кредит алған кезде кредитор клиентке мүліктің өзін немесе оның өмірін, денсаулығын және мүгедектік қаупін сақтандыруды ұсынады. Алайда, мүмкіндіктер тізбесі мұнымен аяқталмайды, Қазақстандағы ипотекалық сақтандырудың барлық қолжетімді нұсқаларын егжей-тегжейлі қарастырайық.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қарыздарды есептен шығаруға көмектесемін: алаяқтар азаматтарды алдау үшін қандай схемаларды қолданады

Әр адам қаржылық қиындыққа ұшырауы мүмкін. Ипотека, кредиттер, бөліп төлеу – міндеттемелер көп болған кезде, оларды еңсеру қиындай түседі. Мұндай сәттерде адамдар «кредиттік шұңқырдан» тезірек шығуға үміттеніп, тез шешім іздейді. Мұны алаяқтар қарыздан құтылудың тиімді схемаларын ұсына отырып пайдаланады, бірақ іс жүзінде адам ақшасын жоғалтып, одан да қиын жағдайға тап болуы мүмкін. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz