ҚР Ұлттық Банкінде БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңның жобасы бойынша жария талқылау өтті.
Іс-шара барысында Қазақстандағы сақтандыру нарығын дамытудың тұжырымдамалық мәселелері, оның ішінде міндетті және ерікті сақтандыруды дамытудың, сақтандыру нарығы инфрақұрылымының, реттеу мен қадағалау рәсімдерін жетілдірудің мәселелері талқыланды.
ҚРҰБ Сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры Жанат Құрманов сақтандырудың Қазақстанның қаржы нарығының барынша серпінді дамып келе жатқан бағыттарының бірі болып табылатындығын атап өтті. «Бұған қарамастан, оның ел экономикасын дамытудағы маңызы бүгінгі күні төмен болып отыр. Әлеуетті тұтынушыларды сақтандырудың, әсіресе сақтандырудың ерікті сыныптары бойынша ауқымды қамту жоқ, бұған сақтандыру ұйымдары ұсынатын өнімдер туралы халықтың хабардар болмауы және халықтың сақтандыру нарығына деген сенімінің жетіспеуі себепші, - деді ол.
Оның сөзінше, бұл заң жобасында ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулардың кешенін енгізу көзделген және тұтынушылардың құқықтарын қорғауға, сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру мерзімін қысқартуға, сақтандыру нарығының қаржылық орнықтылығын және халық тарапынан сенімді арттыруға бағытталған.
Атап айтқанда, Ұлттық Банктің өкілі атап өткендей, міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру қызметін интернет арқылы сату жолымен сақтандыру полистерін сату электрондық нысанда мүмкіндігін енгізу ұсынылады. «Бұл қадам халық пен бизнес үшін сақтандыру қызметтерінің қолжетімділігін арттыруға және құнын арзандатуға мүмкіндік береді», - деп санайды Ж. Құрманов.
Ұлттық Банк шетелге шығатын қазақстандық туристерді қорғау тетіктерінің тиімділігін туристік фирмалардың жауапкершілігін сақтандырудан туристің тәуекелдерін сақтандырудың халықаралық тәжірибесін ескере отырып, туристің өзін және оның мүлкін тікелей сақтандыруға өту жолымен арттыруды да ұсынады.
Жанат Құрманов дөңгелек үстелдің қатысушыларына заң жобасы сақтандыру агенттері қызметінің айқындылығын сақтандыру шартында сақтандыру агенті туралы ақпаратты ашу, өз агенттерінің қызметі үшін сақтандыру компанияларының жауапкершілігін арттыру, сақтандыру делдалынсыз сақтандыру қызметтерін іске асыру аясын кеңейту арқылы қамтамасыз етуді көздейтінін айтып өтті.
Ол ерікті сақтандыруды дамыту және жетілдіру үшін шаралар қабылдау қажеттілігін атап өтті. Атап айтқанда, Ж. Құрмановтың сөзінше, бұл барлық аймақта қолжетімді ерікті сақтандыру өнімдерін дамыту үшін, оның ішінде сақтандыру ұйымдарының онлайн-қызмет ұсынуы арқылы жағдай жасау; өмірді жинақтап сақтандыру өнімдерін дамыту үшін сақтандыру сыйлықақысынан қолданылатын салықтық жеңілдікті сақтандыру төлеміне ауыстыру арқылы жағдай жасау. «Бұл салықтық басқару жүйесін және халық үшін сақтандыруды жеңілдетеді. Осылайша қолданыстағы жеңілдікті алу рәсімі жеңілдейді, бұл өмірді жинақтап сақтандыру бойынша сақтандырушылардың санын ұлғайтуға мүмкіндік береді және тиісінше бюджетке салықтық түсімдердің өсуін қамтамасыз етеді», - деп түсіндірді Ж. Құрманов.
«Сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту бойынша заң жобасы мыналарды ұсынады, - деп сөзін жалғастырды ол. – Бұл, сақтандырудың барлық сыныптары бойынша сақтандыру омбудсманы қызметінің саласын кеңейту, ол клиент сот органдарына жүгінгенге дейін сақтандыру төлемдерін реттеу барысын жылдамдатуға, сондай-ақ сақтандыру жөніндегі Бірыңғай статистикалық дерекқордың сақталуын және орнықтылығын қамтамасыз ету және оның мәртебесін арттыру жөніндегі талаптарды күшейтуге мүмкіндік береді».
Осы және басқа да шаралар сапалы әрі қолжетімді сақтандыру қызметтерін дамытуға және осы арқылы халық пен бизнестің сақтандыру нарығына деген сенімін арттыруға ықпал етеді, - деп сөзін түйіндеді Ж.Құрманов