Банктердің клиенттері болашақта банкке өзі бармай-ақ банк шотын, төлем карточкасын аша алады немесе басқа банкте кредит ресімдей алатын болады. Бұған қаржы секторындағы клиенттерді қашықтан сәйкестендіру тетігі енгізілгеннен және іске асырылғаннан кейін қол жеткізіледі. Қазақстан Ұлттық Банкі бұл мәселені пысықтауда. Клиенттерді қашықтан сәйкестендіру және осы процесте қажетті бірдейлендіру жұмысын жүргізу тетіктерін әзірлеумен айналысатын жұмыс тобы құрылды. Бұл туралы Kapital.kz іскерлік ақпарат орталығының тілшісіне ҚР Ұлттық Банкі Төлем жүйелері департаментінің директоры Ерлан Ашықбеков хабарлады.