Публикации, отчеты, интервью

 Публикации, отчеты, интервью

2016 жылы төлем балансының «Тікелей инвестициялар» бабы бойынша капиталдың тікелей әкелінуі 14,4 млрд. АҚШ долларынан асты. ҚР Ұлттық Банкінің хабарлауынша, бұған дейін ағынның ең жоғарғы көрсеткіші 13,1 млрд. АҚШ долларын құраған және ол 2008 жылы тіркелген болатын. 

«Шетелдік тікелей инвестициялардың рекордтық ағыны 2016 жылы Қазақстан төлем балансын қаржыландырудың негізгі қаржы көзі болды», – деп түсіндірді ҚРҰБ-да.  Қаржы реттеушісінің деректері бойынша 2016 жылы шетелдік тікелей инвестициялардың (ШТИ) Қазақстанға жалпы ағыны 2015 жылмен салыстырғанда 40%-ға ұлғайып, 20,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Тау-кен өнеркәсібі, геологиялық барлау және іздестіру қызметі және өңдеуші өнеркәсіп ШТИ-ді негізгі алушылар болды.

«ШТИ ағыны құрауыштарының бірі бейрезиденттердің кірістерін қайта қаржыландыруы болды, оның көлемі 2016 жылы 4,9 млрд. АҚШ долларынан асты. Бірлескен қазақстандық кәсіпорындар кірістерінің өсуімен қатар шетелдік инвесторлар кәсіпорындардың өндірістік қызметін қаржыландыру үшін елде қалдыратын өз пайдаларының үлесін ұлғайтты», - деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінде.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz