Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

2017 жылғы ақпанның соңында депозиттердің көлемі қаңтар-ақпанда 6,2%-ға төмендеп, 17 045,4 млрд. теңгені құрады. Мұндай серпін ұлттық валютадағы депозиттер ұлғайған кезде (0,3%-ға) шетел валютасындағы депозиттер көлемінің азаюына (11,5%-ға) байланысты болды. Нәтижесінде депозиттердің долларлану деңгейі 2016 жылғы желтоқсандағы 54,6%-дан 2017 жылғы ақпанда 51,5%-ға дейін төмендеді. Заңды тұлғалардың валюта салымдарының үлесі жыл басынан 49,1%-дан 45,8%-ға дейін, жеке тұлғалардікі – 62,0%-дан 58,8%-ға дейін төмендеді.

Ұлттық валютадағы депозиттердің өсуіне жеке тұлғалар депозиттерінің өсуі себепші болды, олар жыл басынан 4,1%-ға немесе 121,3 млрд. теңгеге ұлғайды.

Шетел валютасындағы депозиттер теңгенің нығаюы нәтижесінде қайта бағалау есебінен де (қаңтар-ақпанда 6,2%-ға), нақты әкетілуі есебінен де (5,7%-ға) төмендеді.

Тартылған депозиттер бойынша мөлшерлемелер: жеке тұлғалардың ұлттық валютадағы салымдары бойынша 2016 жылғы желтоқсандағы 12,0%-дан 2017 жылғы ақпанда 11,8%-ға дейін, шетел валютасында – 2,6%-дан 2,4%-ға дейін, заңды тұлғалардың салымдары бойынша тиісінше 10,5%-дан 10,2%-ға дейін және 1,6%-дан 1,4%-ға дейін төмендеді.

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz