Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

ҚР Ұлттық Банкі қаржы нарығын реттеуші ретінде, бірінші кезекте қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге, жалпы алғанда қаржы секторын дамытуға және қолдауға, сақтандыру ұйымдарының қаржылық сенімділігін арттыруға бағытталған шаралар қабылдайды. Бұл туралы бүгін БАҚ-тың қатысуымен өткізілген дөңгелек үстел барысында ҚРҰБ-тың Сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры Жанат Құрманов хабарлады.

Ол отандық сақтандыру секторын одан әрі дамыту, халық тарапынан оған деген сенімді арттыру үшін ҚР Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылға арналған заң жобалау жұмыстары жоспарына енгізілген «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеуді жоспарлап отырғанын хабарлады.

Ж.Құрмановтың айтуынша, заң жобасы Қазақстан Республикасының қаржы секторын дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасында көзделген бағдарламалық міндеттерді шешуге бағытталған және ҚР заңнамалық актілеріне ерікті және міндетті сақтандыру бойынша өнімдер мен қызметтер нарығын дамыту, сақтандыру нарығына кәсіби қатысушылардың және инфрақұрылымдық ұйымдардың қызметін жетілдіру мәселелері бойынша  өзгерістер мен толықтырулар кешенін енгізуді көздейді.

Ж. Құрмановтың айтуынша  міндетті сақтандыру бойынша оның орнықты дамуына кедергі жасайтын қалыптасқан проблемаларды шешу, оның ішінде сақтандыру полистерін электрондық нысанда өткізу мүмкіндігін енгізу; шет елге баратын қазақстандық туристерді қорғау тетіктерінің тиімділігін артыру  (туристің өзін және оның мүлкін сақтандыру арқылы); сақтанушы үшін сақтандыру міндетті болып табылатын және сақтандырудың егжей-тегжей талаптары тараптардың келісімі бойынша клиент қызметінің ерекшелігі мен мүдделері ескеріле отырып айқындалатын міндеттелген сақтандыру ұғымын енгізу және т.б. шаралар қабылданатын болады.

Журналистердің ерікті сақтандыру бойынша қандай шаралар қабылданатыны туралы сұрақтарына Ж. Құрманов қолданыстағы салық жеңілдігін сақтандыру сыйлықақысынан сақтандыру төлеміне ауыстыру арқылы өмірді жинақтап сақтандыру өнімдерін дамыту үшін жағдай жасау қажет деп жауап берді. Оның айтуынша,  бұл салықтық басқару жүйесін және халық үшін сақтандыруды жеңілдетеді. Осы арқылы қолданыстағы жеңілдікті алу рәсімі жеңілдей түседі, бұл өмірді жинақтап сақтандыру бойынша сақтанушылардың санын ұлғайтуға мүмкіндік беріп, тиісінше, бюджетке салық түсімдерінің өсуін қамтамасыз етеді, – деп атап өтті Ж. Құрманов.  Сондай-ақ, ол ҚРҰБ-тың ерлі-зайыптыларға арналған зейнетақы аннуитеттерін енгізу туралы ұсынысын айтып өтті, олар ерлі-зайыптылардың біріне сақтандыру ұйымына аударылған зейнетақы жинақтарын мұраға алуына мүмкіндік береді, соның нәтижесінде мемлекеттік бюджетке түсетін әлеуметтік салмақ төмендейтін болады.

Ж. Құрманов қазіргі кезде түзетулердің Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы алаңында қызу талқыланып жатқанын және, жалпы алғанда, сақтандыру нарығына қатысушылардың, мүдделі мемлекеттік органдардың және Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының  қолдап отырғанын қоса айтты. «Осы және басқа да шаралар секторды реттеумен байланысты анықталған проблемалардың бір бөлігін шешуге мүмкіндік береді, сапалы әрі қолжетімді сақтандыру қызметтерін дамытуға, және сол арқылы халық пен бизнестің сақтандыру нарығына деген сенімін арттыруға ықпал етеді»,  – деді Ж. Құрманов.

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz