Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Сақтандыру нарығын дамыту мәселелерін бүгін Алматы қаласында дөңгелек үстел барысында ҚР Ұлттық Банкінің және жетекші бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері талқылады.

Сақтандыру нарықтарының жай-күйі мен перспективалары туралы презентациямен ҚРҰБ Сақтандыруды қадағалау департаментінің директоры Жанат Құрманов сөз сөйледі. Ол еліміздің сақтандыру нарығындағы күштердің соңғы жылдарда қалай өзгергенін атып берді, сондай-ақ активтердің, меншікті капиталдың және сақтандыру резервтерінің серпіні бойынша деректер келтірді.

Ж. Құрманов хабарлағандай, 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының сақтандыру секторында 32 сақтандыру ұйымы, 15 сақтандыру брокері  және 59 актуарий бар. Жиынтық активтер мен меншікті капитал тиісінше 857 млрд. теңгені және 402 млрд. теңгені құрады. «Активтер құрылымында айтарлықтай үлесті (43%) сомасы 373 млрд. теңге болатын бағалы қағаздар құрайды. Екінші деңгейдегі банктерде орналастырылған салымдар жиынтық активтердің 27% үлесімен, 228 млрд. теңгені құрайды», – деп хабарлады Ж. Құрманов, ол сақтандыру резервтері сомасының өткен жылмен салыстырғанда 9%-ға ұлғая отырып, 412 млрд. теңге құрағанын да айта кетті.

Тұтастай алғанда, ҚРҰБ өкілінің айтуынша, Қазақстанның сақтандыру нарығы 2016 жылы негізгі көрсеткіштердің оң серпінін жалғастырды және сақтандыру сыйлықақыларының соңғы 5 жылдағы айтарлықтай өсуін көрсетті. 

Сақтандыру сыйлықақысының көлемі 2016 жылы өткен жылмен салыстырғанда 24%-ға ұлғая отырып, 357 млрд. теңге болды. Ж. Құрманов «сақтандыру ұйымдары негізгі көрсеткіштерінің өсуі, бірінші кезекте, мүлікті ерікті және міндетті сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақылары көлемінің өсуі есебінен қамтамасыз етілгенін» түсіндірді.  

«Сақтандыру нарығында сақтандыру шарттарын жасасу және сақтандыру оқиғаларын реттеу кезінде көрсетілетін қызметтер сапасының айтарлықтай артуы, халыққа арналған ерікті сақтандыру өнімдері тізбесінің кеңеюі, сақтандыру қызметтерін тікелей сатудың, оның ішінде міндетті ерікті сақтандырудың сақтандыру полистерін онлайн-сатудың дамуы байқалады. Сақтандыру ұйымдарының ақпараттық қызметінің жандануы азаматтардың қаржылық сауаттылығын, сақтандыру ұйымдарына және тұтастай алғанда сақтандыруға деген сенімнің артуына ықпал етеді», – деп жалғастырды Ж. Құрманов.

Оның айтуынша, сақтандырудың заңнамалық базасын жетілдіру, сақтандыру нарығының инфрақұрылымын дамыту, сақтандыру ұйымдарының қаржылық орнықтылығын арттыру бойынша қабылданған шаралар сақтандыру қызметтерін тұтынушылардың құқықтарын және мүддесін қорғауды күшейтуге ықпал етті.

«Сақтандыру секторын тиісінше дамыту және жұмыс істеуі мақсатында сақтандыру омбудсманы, Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры, сақтандыру жөніндегі деректердің бірыңғай сақтандыру базасы, актуарийлер қоғамы сияқты инфрақұрылымдық ұйымдар құрылды, – деді Ж. Құрманов. – Сақтандыру сыйлықақыларының серпінді өсуіне қарамастан, олардың ІЖӨ-дегі үлесі төмен деңгейде қалып отыр. Бұл Қазақстанның сақтандыру нарығы әлеуетінің зор екендігін білдіреді. Сақтандыру сыйлықақыларының халықтың жан басына шаққандағы ІЖӨ-ге қатысының төмен болуымен көрінетін өсудің игерілмеген әлеуетінің арқасында сақтандыру болашақта да жоғары қарқынмен дамитын болады». Қазақстан экономикасы мен әлеуметтік саласының заманауи даму сатысы, жаһандану мен әлемдік жүйеге белсенді ықпалдасу процестері, ДСҰ-ға кіру отандық сақтандыру индустриясының алдына жаңа мақсаттар мен міндеттер қояды, оларды іске асыру қаржы нарығын, оның ішінде сақтандыру нарығын дамыту үшін жағдайлар жасауды талап етеді, – деп қорытындылады ҚР қаржы реттеушісінің өкілі.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz