Қазақстан Ұлттық Банкінде еліміздің басты қаржы институтында жұмыс істеу үшін жас мамандарды және жоғары оқу орындарының түлектерін іздестіру жөніндегі науқанның қорытындысы шығарылды.
Үміткерлерден өтініштер 2016 жылғы 20 қыркүйек – 20 қазан аралығында қабылданды. Қарауға 960 резюме келіп түсті.
Үміткерлерді іріктеу процесі бірнеше айға созылды. Тиісті білімі, жұмыс тәжірибесі және Ұлттық Банктің қызметкері болғысы келетін үміткерлер іріктеудің бірнеше кезеңінен өтті – жеке және коммуникативтік дағдыларды бағалауға арналған тестілеу, ҚРҰБ бөлімшелерінің басшыларымен әңгімелесуді қоса алғанда, бірнеше әңгімелесу.
Нәтижесінде, 48 үміткер бойынша оң шешім қабылданды: 27 адам лауазымға тағайындауға ұсынылды, 21 адам Ұлттық Банктің кадр резервіне алынды.
Ұлттық Банк бұдан әрі осындай науқандарды өткізу практикасын жалғастырады, олар туралы ақпарат Ұлттық Банктің сайтында, сондай-ақ ҚРҰБ-ның әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жарияланатын болады. Келесі осындай науқан сәуірде өткізіледі деп жоспарланып отыр, – деп хабарлады Д. Ақышев.
Бұл науқанның басталғаны туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев өзінің 2016 жылғы 20 қыркүйектегі онлайн-конференциясы барысында мәлімдегенін еске саламыз. «Ұлттық Банк алдында тұрған стратегиялық міндеттер үздік кадрлардың болуын талап етеді. Ұлттық Банк іске асыруға жоспарланып отырған жаңа идеялар стандартты емес шешімдер қабылдауға қабілетті жас кадрларды тартуды талап етеді. Біз жастарды ақша-кредит саясатын әзірлеу, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету, қаржы ұйымдарын қадағалау, алтынвалюта активтерін басқару сияқты негізгі бағыттарға, сондай-ақ ақпараттық технологиялар саласындағы жоғары білікті мамандарды тартуды жоспарлап отырмыз», – деген болатын ҚР ҰБ басшысы қыркүйекте.