Пресс-релизы

  1. 2017 жылғы ақпандағы инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің ресми деректері бойынша 2017 жылғы ақпанда инфляция 1,0% (2016 жылғы ақпанда – 1,1%) болды. Азық-түлік тауарлары 1,4%-ға (0,9%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар 0,6%-ға (0,8%-ға өсу) қымбаттады. Ақылы қызмет көрсету тарифтері 0,9%-ға (1,6%-ға өсу) өсті.

Азық-түлік тауарлары нарығында 2017 жылғы ақпанда көкөністердің бағасы 6,1%-ға, оның ішінде картоп – 7,6%-ға, пияз – 5,2%-ға; ет өнімдері 2,2%-ға, оның ішінде сиыр еті – 3,8%-ға, қой еті – 3,6%-ға; жемістер – 1,2%-ға көтерілді. Жұмыртқаның бағасы 4,5%-ға, қант – 2,4%-ға төмендеді.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың ішінде  жуу және тазалау құралдарының бағасы  0,7%-ға , дәрі-дәрмектер – 0,6%-ға өсті. Бензиннің бағасы  2,1%-ға, дизель отыны – 0,9%-ға көтерілді.

Ақылы қызмет көрсету тобында тұрғын үй қызметінің бағасы 1,3%-ға , оның ішінде тарату желілері бойынша тасымалданатын газ – 4,8%-ға, орталық жылыту – 2,4%, ыстық су – 2,3%, суық су – 1,7%-ға көтерілді. Амбулаторлық қызмет 1,3%-ға, теміржол көлігі қызметі – 0,8%-ға, мектепке дейін және бастауыш білім беру қызметі – 0,8%-ға қымбаттады.

2017 жылғы қаңтар-ақпанда инфляция 1,8% (2016 жылғы қаңтар-ақпанда – 2,5%) болды. Азық-түлік тауарларының бағасы жылдың басынан бері 2,6 %-ға (2,7%-ға өсу), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 1,3%-ға (1,8%-ға өсу), ақылы қызмет көрсету – 1,2%-ға (2,8%-ға өсу) өсті.

Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша 2017 жылғы ақпанда 7,8% (2016 жылғы желтоқсанда – 8,5%) деңгейінде қалыптасты. Бұл ретте азық-түлік тауарларының бағасы 9,5%-ға (9,7%-ға), азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 9%-ға (9,5%-ға), ақылы қызмет көрсету – 4,5%-ға (6,1%-ға) өсті.

Халықтың инфляциялық күтулері төмендеді. 2017 жылғы ақпанда  инфляциялық күтулерді сандық бағалау бір жыл бұрын 5,9% болды.

 

2. 2017 жылғы ақпандағы халықаралық резервтер (жедел деректер) және ақша агрегаттары

Жедел деректер бойынша, 2017 жылғы ақпанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері 29,9 млрд. АҚШ долларына  дейін 1,9%-ға (немесе 558,5 млн. АҚШ долларына) ұлғайды.  Шетел валютасындағы активтер 53,3 млн. АҚШ долларына азайды, алтындағы активтер оның бағасы 4,4%-ға өскен кезде жүргізілген операциялар нәтижесінде 6,1%-ға немесе 611,8 млн. АҚШ долларына өсті.

Банктердің корреспонденттік  шоттарындағы шетел валютасындағы  қалдықтың азаюы, банктермен жасалған валюталық-пайыздық своп операциялары бойынша  жоспарлы өтеу, сондай-ақ Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар Үкіметтің Ұлттық Банктегі  шоттарына  валютаның  түсімімен бейтараптандырылды.

Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін қоса алғанда, елдің жалпы халықаралық резервтері (63,1 млрд. АҚШ доллары) 2017 жылғы ақпанда  жедел деректер  бойынша, 93,0 млрд. АҚШ долларына  дейін 0,8%-ға өсті.

2017 жылғы ақпанда ақша базасы 0,2%-ға шамалы кеңейді және 4 686,9 млрд. теңгені құрады. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі  банктердің Ұлттық Банктегі  мерзімді  депозиттерін ескермегендегі  ақша базасы  4 136,4 млрд. теңгеге  дейін 1,8%-ға  тарылды.

2017 жылғы қаңтарда ақша массасы  19 075,3 млрд. теңгеге дейін 4,2%-ға төмендеді, айналыстағы қолма-қол ақша 1 619,1 млрд. теңгеге дейін 7,4%-ға төмендеді, банк жүйесіндегі депозиттер көлемі 17 456,2 млрд. теңгеге дейін 3,9%-ға азайды. Ақша массасының құрылымындағы депозиттердің үлесі 2016 жылғы желтоқсандағы 91,2%-дан 2017 жылғы қаңтарда  91,5%-ға дейін өсті.

 

3. 2017 жылғы ақпандағы ақша нарығы

2017 жылғы ақпанда ақша нарығындағы сауда-саттықтың негізгі көлемі автоматты РЕПО нарығында жүргізілді. Ақша нарығындағы мөлшерлеме 2017 жылғы 20 ақпанда 11% деңгейіне дейін төмендетілген  базалық мөлшерлеменің деңгейін ескере отырып қалыптастырылды. Автоматты РЕПО нарығында сауда-саттықтың көлемі 2017 жылғы ақпанда 5 306,9 млрд. теңгеге дейін 9,6%-ға ұлғайды.

2017 жылғы ақпанда 1-күндік РЕПО операциялары бойынша орташа алынған мөлшерлеме (TONIA индикаторы [1]) жылдық 10,8% деңгейінде (2017 жылғы қаңтарда – 11,5%) қалыптасты. Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізген кезде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторын қалыптастыру негізінен базалық мөлшерлеменің пайыздық дәлізінің төменгі шегіне жақын жүргізілді.

 

4. 2017 жылғы ақпандағы валюта нарығы

2017 жылғы ақпанда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 311,49-325,00 теңге аралығында (2015 жылғы қарашадағы деңгейге дейін жетіп) өзгерді. 2017 жылғы ақпанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 3,5%-ға (жыл басынан 6,2%-ға) нығайып, бір АҚШ доллары үшін 312,76 теңге болды. Қазақстан қор биржасында KZT/USD валюталық жұбы бойынша биржалық операциялардың көлемі 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда 2017 жылғы ақпанда 61,3%-ға ұлғайып, 2,6 млрд. АҚШ долларын құрады. Биржадан тыс валюта нарығында KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың көлемі 2017 жылғы қаңтармен салыстырғанда  9,4%-ға ұлғайып, 9,1 млрд. АҚШ долларын құрады. Сауда-саттықтың жалпы көлемі 17,9%-ға өсіп, 11,8 млрд. АҚШ долларын құрады.

2017 жылғы қаңтарда халықтың қолма-қол АҚШ долларын нетто-сатып алуының көлемі 2016 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 43,6%-ға және 2016 жылғы қаңтармен салыстырғанда 5,2%-ға төмендеп, 202,1 млн. АҚШ долларын құрады.

 

5. 2017 жылғы ақпанның қорытындылары бойынша мемлекеттік бағалы қағаздар нарығы

2017 жылғы ақпанның соңындағы жағдай бойынша айналыстағы Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарының және Ұлттық Банктің қысқамерзімді ноттарының көлемі 8 486,9 млрд. теңге болды. 

Қаржы министрлігі 2017 жылғы ақпанда төрт рет мемлекеттік бағалы қағаздарды –  24,1 млрд. теңге (жылдық 10,2%) сомаға 3 жылдық МЕОКАМ, 24,1 млрд. теңге және
24,4  млрд. теңге (тиісінше 9,7% және 9,5%) сомаға 5 жылдық МЕОКАМ, сондай-ақ
24,1 млрд. теңге (9,5%) сомаға 7 жылдық МЕКАМ  орналастырды. Осылайша,  2017 жылғы ақпанда тартылған қаражаттың жалпы сомасы 96,7 млрд. теңге болды.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқамерзімді ноттары. Қысқамерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2017 жылғы ақпанда 5 052,1 млрд. теңгені құрады. Бұл ретте
27 аукцион өткізілді, оның ішінде 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 4 059,2 млрд. теңге сомада 20 аукцион, 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 592,9 млрд. теңге сомада 4 аукцион, 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 250 млрд. теңге сомада 1 аукцион, 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 100 млрд. теңге сомада 1 аукцион  және  1 жылдық  ноттарды орналастыру бойынша 50,0 млрд. теңге сомада 1 аукцион өткізілді.

Орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша орташа алынған тиімді кірістілік 12,2%,
1 айлық ноттар бойынша – 12,0%, 3 айлық ноттар бойынша – 11,5%, 6 айлық ноттар бойынша – 10,4%, 1 жылдық  ноттар бойынша – 10,7% болды. 2017 жылғы ақпанның соңында айналыстағы ноттар көлемі 2 872,8 млрд. теңгені құрады.

 

6. 2017 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы 

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі бір айда 3,9%-ға қысқарып, 2017 жылғы қаңтардың соңында 17 456,2 млрд. теңгені құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 4,8%-ға төмендеп, 9 832,6 млрд. теңгені құрады, ал жеке тұлғалардың депозиттері 7 623,6 млрд. теңгеге дейін 2,7%-ға төмендеді.

2017 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 8 221,7 млрд. теңге (бір айда 0,2%-ға төмендеді), шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 9 234,6 млрд. теңге болды (бір айда 7,0%-ға төмендеді). Шетел валютасындағы депозиттердің үлес салмағы бір айда 54,6%-дан 52,9%-ға дейін төмендеді.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2017 жылғы қаңтарда 1,4%-ға қысқарып, 5 186,5 млрд. теңге болды, шетел валютасымен депозиттері 8,3%-ға азайды және 4 646,2 млрд. теңге (заңды тұлғалардың депозиттерінен 47,3%) болды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 2017 жылғы қаңтарда 1,9%-ға ұлғайып,              3 035,2 млрд. теңгені құрады, шетел валютасымен депозиттері 5,5%-ға төмендеді және 4 588,4 млрд. теңге (жеке тұлғалардың депозиттерінен 60,2%) болды.  

Мерзімді депозиттер қаңтарда 1,6%-ға қысқарып, 12 507,8 млрд. теңгені құрады.  Мерзімді депозиттер құрылымында ұлттық валютамен салымдар 5 530,7 млрд. теңге (бір айда 2,7%-ға ұлғайды), шетел валютасымен салымдар 6 977,1 млрд. теңге болды (бір айда 4,7%-ға төмендеді).

2017 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 10,5% (2016 жылғы желтоқсанда – 10,5%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 12,5% (12,2%) деңгейінде қалыптасты.

 

7. 2017 жылғы қаңтардың соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеуінің көлемі 2017 жылғы қаңтардың соңында   2,6%-ға төмендеп, 12 519,9 млрд. теңгені құрады. 2017 жылғы қаңтарда заңды тұлғаларға теңгемен берілген кредиттердің көлемі 8 494,0 млрд. теңгеге 3,7%-ға төмендеді, жеке тұлғаларға теңгемен берілген кредиттер көлемі 4 025,9 млрд. теңгеге дейін 0,4%-ға төмендеді. Жеке тұлғаларға бір айда берілген кредиттердің үлес салмағы 31,4%-дан 32,2%-ға дейін артты.

Ұлттық валютамен бір айда берілген кредиттердің көлемі 1,8%-ға 8 513,2 млрд. теңгеге дейін төмендеді. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2,9%-ға төмендеді, ал жеке тұлғаларға берілген кредиттер 0,2%-ға төмендеді. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 4 006,7 млрд. теңгеге дейін 4,4%-ға, заңды тұлғаларға берілгені  (4,8%-ға), сондай-ақ жеке тұлғаларға берілгені (1,7%-ға) төмендеді. Теңгемен берілген кредиттердің үлес салмағы бір айда 67,4%-дан 68,0%-ға дейін ұлғайды.

Ұзақмерзімді кредиттер көлемі 2017 жылғы қаңтардың соңында 10 454,0 млрд. теңгеге дейін 0,7%-ға төмендеді, қысқамерзімді кредиттер көлемі 2 065,9 млрд. теңгеге дейін 11,5%-ға төмендеді.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2017 жылғы қаңтарда 2 989,4 млрд. теңгеге дейін  (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 23,9) 3,7%-ға төмендеді.

Салалар бойынша банктердің экономикаға кредиттерінің барынша айтарлықтай сомасы сауда (жалпы көлемдегі үлесі – 20,9%), өнеркәсіп (14,2%), құрылыс (7,4%), ауыл шаруашылығы (5,3%) және көлік  (4,4%)  сияқты салаларға тиесілі.

2017 жылғы қаңтарда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 15,2% (2016 жылғы желтоқсанда – 14,4%),  жеке тұлғаларға  18,6% (18,4%) болды.

 

8. 2017 жылғы қаңтардағы банк секторы

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторын 33 банк ұсынды. 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық активтері жыл басымен салыстырғанда 25 222,8 млрд.теңге болып, 1,3%-ға азайды.

Банк секторының жиынтық міндеттемелері 2017 жылғы 1 қаңтармен салыстырғанда 1,7%-ға азайып, 22 319,8 млрд. теңгеге жетті. Екінші деңгейдегі банктердің ұлттық валютамен көрсетілген міндеттемелерінің үлесі 52,6%, шетел валютасымен – 47,4% болды. Банктердің міндеттемелерінің құрылымында бұрынғысынша клиенттердің салымдары басым болып отыр, олардың үлесі 75,2%.

2017 жылғы 1 ақпанда банк секторының несие портфелі жыл басымен салыстырғанда 1,3%-ға азайып, 15 303,5 млрд. теңге болды.

Негізгі борыш және (немесе) есептелген сыйақы бойынша 90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар қарыздардың үлесі банктердің жиынтық несие портфелінен 7,2% болды (2017 жылғы 1 қаңтарда – 6,7%).

 

9. 2017 жылғы қаңтардағы сақтандыру секторы

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сақтандыру секторын 32 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы ұсынды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2017 жылғы 1 ақпанда 873,9 млрд. теңге болды, ол 2017 жылғы 1 қаңтардағы осыған ұқсас көрсеткіштен 2,0%-ға артық және 2016 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша осы көрсеткіштен 0,2%-ға аз.

2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары міндеттемелерінің сомасы 474,2 млрд. теңге болды, ол 2017 жылғы
1 қаңтардағы осыған ұқсас көрсеткіштен 4,4%-ға артық.

Есепті күнге қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі 427,6 млрд. теңгені құрады, бұл 2017 жылғы 1 қаңтарға қалыптастырылған резервтердің көлемінен 3,7%-ға көп. 

 

10. 2017 жылғы қаңтардағы зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2017 жылғы қаңтарда   28,5 млрд. теңгеге  (0,4%) ұлғайып, 2017 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 6 713,8 млрд. теңгені құрады.

2017 жылғы қаңтар ішінде зейнетақы активтерін 10,8 млрд. теңгеге инвестициялаудан «таза» кірістің артуы орын алды, ол 2017 жылғы 1 ақпанға  2 235,1 млрд. теңгені құрады.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептемегенде) 2017 жылғы 1 ақпанға 9,4 млн. шотты құрады.

Зейнетақы төлемдерінің сомасы 2017 жылғы қаңтарда 43,1 млрд. теңгені құрады.

БЖЗҚ-ның инвестициялық портфелінің негізгі үлесін 2017 жылғы 1 ақпанға бұрынғыдай, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздары мен эмитенттердің  корпоративтік бағалы қағаздары алады (инвестицияланған зейнетақы активтерінің тиісінше 44,4% және 38,0%).

 

 

 

 

[1] Биржада автоматты РЕПО секторында МБҚ-мен  бір жұмыс күні мерзіміне жасалған РЕПО ашу мәмілелері бойынша орташа алынған пайыздық мөлшерлеме

 

Соңғы жаңалықтар

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz