Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

«Қазақстан үшін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған моделін сақтап қалу маңызды, себебі зейнетақы төлемдері көздерін әртараптандыру қағидаты Қазақстанның зейнетақы жүйесіне қаржылық тұрғыдан орнықты болып қалуына мүмкіндік береді». Осындай пікірді Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры жанындағы Қоғамдық кеңестің кезекті отырысында  «Зейнетақы секторындағы ағымдағы ахуал және зейнетақы активтерін басқару туралы» таныстырылымымен сөз сөйлеген кезде  Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Дина Ғалиева білдірді.

Д. Ғалиеваның айтуы бойынша, көптеген елдер зейнетақыларды әртүрлі құрауыштардан төлеуді көздейтін зейнетақы жүйесінің әртараптандырылған моделін құру жолымен жүрді. «Бұл модель бір құрауыштың кемшіліктерін басқасының артықшылықтары есебінен өтеуге мүмкіндік береді», – деді ол.  

Сөзін жалғастыра отырып, Д. Ғалиева «халықаралық стандарттарда зейнеткерлерге жұмыс өтілі кемінде 35 жыл болған және аударымдар жүйелі түрде жылына 12 рет жасалған кезде жоғалтқан жалақысының кемінде 40%-ы деңгейінде алмастыру коэффициентімен қамтамасыз ету қажеттілігі ұсынылатынын» атап өтті. «Қазақстанда осы стандарттарға сәйкестік ортақ және базалық зейнетақыларды, БЖЗҚ-дан төленетін төлемді, 2023 жылдан бастап шартты-жинақтау құрауышынан төленетін төлемді және 2030 жылдан бастап бюджеттен кепілдік берілген ең төмен зейнетақыны қоса алғанда, әртүрлі құрауыштардан төленетін төлемдер есебінен қамтамасыз етіледі», деп түсіндірді Д. Ғалиева.

Сонымен бірге, сөз сөйлеу барысында Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары «Ұлттық Банктің жұртшылық пен Ұлттық Банктің арасындағы зейнетақы жүйесін дамытуға және жетілдіруге бағытталған ашық диалогтың нысаны ретінде БЖЗҚ жанындағы Қоғамдық кеңестің жұмысына үлкен мән беретініне» назар аударды.

Соңғы жаңалықтар

Қаржылық қателіктер: жастарға нелерді білу маңызды

Жастар ересек өмірге аяқ басып, өздігінен ақша таба бастаған кезде жіберетін ең үлкен қателік — тапқан табысын бірден жұмсай бастау, оларға қаржы жинау сонау бір алыс және маңызды емес дүние болып көрінеді. Бірақ өмір шындығы басқалай болып шығады: күнделікті кезек күттірмейтін жалдау ақысы, коммуналдық қызметтер, тамақ және басқа да қосымша шығындар бар. Әлбетте, жастық шақта қаржылық қателіктерге бой алдыру оңай, олардың салдары бірнеше жылдарға созылып, жастардың   толыққанды дамуына кедергі болады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz