Қаржы реттеушісі «жедел желі» нөмірін жаңартты

Қаржы реттеушісі «жедел желі» нөмірін жаңартты

ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (бұдан әрі – Агенттік) азаматтардың өтініштері үшін жедел желі телефоны нөмірінің, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері үшін телефондары нөмірлерінің өзгергендігі туралы хабарлайды.

  • + 7 (727) 237 1000, 1459 – call-орталық, жұмыс кестесі дүйсенбіден бастап жұма аралығындағы күндер 9.00-дан 17.00-ге дейін;
  • +7 (727) 237 1301 – Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті;
  • + 7 (727) 237 1200 – Агенттік кеңсеcі;
  • + 7 (727) 237 1111 – азаматтардың жалпы өтініштері (анықтама қызметі).

2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша Агенттіктің жедел желісіне 22,3 мыңнан аса қоңырау түсті.

Азаматтардың өтініштерін талдау азаматтардың карточкаларына әлеуметтік төлемді алуға кедергі келтіретін шектеулердің, кредиторлардың төлеу мерзімін кейінге қалдырудан бас тартуы, қарызды қайта құрылымдаудың, ағымдағы төлемдерді жүзеге асыру және төлеу мерзімін кейінге қалдыру салдарларын ескертудің қажеттілігі   туралы кредиттік ұйымдарды хабарлар ету, коллекторлық агенттіктермен өзара іс-қимыл, Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы шеңберінде қайта қаржыландырудың ең өзекті мәселелердің бірі екендігі көрсетті.

Қаржы реттеушісі 2020 жылғы 25 маусымда іске қосқан «Fingramota Online» мобильді қосымшасын азаматтар қыркүйек айында белсенді түрде қолданды. «Fingramota Online» - бұл Агенттіктің халықпен және бизнеспен  қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, қаржылық және өзге де ұйымдардың қызметі және қаржылық сауаттылықты арттыру мәселелері бойынша өзара іс-қимыл етудің ыңғайлы құралы. Осы мессенджердің көмегімен Агенттікке 860-тан астам сауал келіп түскен, бұл  халықпен және бизнес өкілдерімен кері байланысты нығайту үшін аса қажет көрсетіп отыр.

Азаматтар шағымдары мен өтініштерін Агенттіктің   https://www.gov.kz/memleket/entities/ardfm?lang=ru сайтындағы кері байланыс нысаны арқылы  немесе info@finreg.kz электрондық поштасы арқылы, сондай-ақ Агенттіктің азаматтардың және заңды тұлғалар өкілдерінің өтініштерін қарау тәртібіне сәйкес  жазбаша жібере алады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

«Қол сұғылмайтын» банктік шот: нені білу маңызды

Ешбір адам қаржылық қиындықтардан сақтандырылмаған және мұндай сәттерде адамның қарызы болған кезде де кірістің бір бөлігін қорғауға құқығы бар екенін білу маңызды. Ол үшін арнайы «қол сұғылмайтын» шот (арнайы шот) бар – әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды есептен шығарудан және тыйым салудан сақтауға көмектесетін банктік құрал. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz