Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент – Елбасының тапсырмалары мен бастамаларына сәйкес Қазақстан Ұлттық Банкі бірқатар әлеуметтік бағдарламаларды іске асыруда.

Сіздердің назарларыңызға жоғарыда көрсетілген әлеуметтік бағдарламаларды іске асыру туралы ақпаратты ұсынамыз.

  • Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы бойынша:

Бағдарлама екі бөліктен тұрады.

1) Бағдарламаның бірінші бөлігі 2004 жылдан бастап 2009 жыл аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға қолдау көрсетуге бағытталған.

Аталған қарыздарды қайта қаржыландыруға Қазақстан Ұлттық Банкі
130 млрд теңге бөлді.

2019 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша Бағдарлама шеңберінде банктер 165,8 млрд теңге сомаға 26 803 қарызды мақұлдап, 148,3 млрд теңге сомаға 25 249 қарызды қайта қаржыландырды.

Өңірлер мен банктер бойынша қайта қаржыландырылған ипотекалық қарыздар туралы ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде танысуға болады.

2) Бағдарламаның екінші бөлігінде Қазақстан Ұлттық Банкінің 2015 жылғы
18 тамыздағы бағамы бойынша 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін алынған жеке тұлғалардың валюталық ипотекалық қарыздарын теңгемен қайта қаржыландыру көзделіп отыр.

2019 жылғы 10 маусымдағы банктер валюталық қарыздарды қайта қаржыландыру үшін 64,9 млрд теңге сомаға 7 735 өтінімді мақұлдап, 51,4 млрд теңге сомаға 6 283 қарызды қайта қаржыландырды.

Қарыздың Бағдарлама талаптарына сәйкестігін анықтау үшін қарыз алушыларға кредитор банкке өтініш беру қажет.

Өңірлер мен банктер бойынша толығырақ ақпаратпен «Банктердің ақшаны игеруі туралы ақпарат» бөлімінде танысуға болады.

Қазақстан Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының, екінші деңгейдегі банктердің Бағдарлама талаптарын түсіндіру бойынша халықпен өзара іс-қимылды жүзеге асыратын қызметкерлерінің байланыс нөмірлері Қазақстан Ұлттық Банкінің сайтында орналастырылған. Байланыс нөмірлеріне мына сілтеме бойынша қолжеткізуге болады.

Сұрақтар туындаған кезде қарыз алушыларға Қазақстан Ұлттық Банкі мен банктердің тиісті филиалдарына олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз. Филиалдардың байланыс нөмірлеріне «Байланыс нөмірлері» бөлімінде қолжеткізуге болады. Бағдарламаның талаптарымен Ұлттық Банктің сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде танысуға болады.

  • «7-20-25» Бағдарламасы бойынша:

«7-20-25» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2019 жылғы 10 маусымдағы жағдай бойынша қарыз алуға 157,4 млрд теңге сомаға  13 894 өтініш қабылданды. Оның ішінде 95,4 млрд теңге сомаға қарыз беруге 8 253 өтініш мақұлданды.

Бағдарламаның талаптарымен сілтеме бойынша танысуға болады.

Егер Сіздерде бағдарламалар бойынша сұрақтар туындаса, Сізден Қазақстан Ұлттық Банкіне:

- 050040, Қазақстан Республикасы,  Алматы қаласы, "Көктем-3" шағын ауданы, 21-үй; e-mail: hq@nationalbank.kz мекенжайы бойынша ресми өтініш білдіру арқылы;

- Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, +77272619213, +77272788104 (ішкі: 5571 немесе 5573) мекенжайы бойынша қоғамдық қабылдау бөлмесіне өтініш білдіру арқылы, Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары үшін Қазақстан Ұлттық Банкі тиісті филиалдарының қоғамдық қабылдау бөлмесіне олардың аумақтық тиістілігіне қарай өтініш білдіруді ұсынамыз;

- «ҚҰБ Online»  мобильдік қосымшасы арқылы өтініш білдіруді сұраймыз.

Google Play Market арқылы жүктеу үшін сілтеме.

AppStore арқылы жүктеу үшін сілтеме.

Егер Сіздерде «7-20-25» бағдарламасы бойынша сұрақтар туындаса, «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ-қа. өтініш жасауды сұраймыз  Сall-орталық + 7 (727) 227-20-25 тегін нөмірі бойынша тәулік бойы жұмыс істейді.

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz