Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Әлеуметтік желілерде, сондай-ақ WhatsApp және басқа мессенджерлер арқылы хабар жіберу жолымен депозиттердің әкетілуі, банктердің ақша беруден бас тартуы, банктердің бөлімшелерінде валютаның жетіспеуі туралы дәйексіз және арандатушылық ақпарат таратылуда.

Осыған байланысты Қазақстан Ұлттық Банкі барлық банктерде қажетті валюта қорлары бар екендігін,  Ұлттық Банктің аумақтық филиалдары жоспарланған режимде банктерді қолма-қол ұлттық және шетел валютасымен қамтамасыз етіп жатқандығын хабарлайды. Депозиттік база тұрақты, банктердің клиенттеріне қызметтер толық көлемде көрсетілуде.

Қазақстан Ұлттық Банкі барлық фактілер бойынша біле тұра жалған ақпарат авторларын және таратушыларын анықтау мақсатында құқық қорғау органдарына жүгініп отыр.

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz