Аталған міндеттің шеңберінде Ұлттық Банк азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарау, тұтынушылар құқықтарының бұзылуын анықтау, азаматтарға құқықтық көмек көрсету арқылы қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғауды жүзеге асырады.
Қажетті ақпаратты алу үшін Сіз Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі call-орталығының мына телефондарына хабарласа аласыз: +77272619213, +77272788104 (ішкі 5571 немесе 5573).
Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67-үй мекенжайы бойынша күн сайын сағ. 10:00-ден 17:00-ге дейін (13:00-ден 14:30-ға дейін үзіліс) Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесі жұмыс істейді. Алдын ала жазылу талап етілмейді.
Қазақстанның басқа өңірлерінің тұрғындары Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына өтініш білдіре алады. Филиалдардың байланыс деректері ҚРҰБ сайтында «Ұлттық Банк туралы» бөлімінде жарияланды.
Сондай-ақ Сіз Google Play Market, App Store қосымшалары арқылы немесе NBK Оnline web-нұсқасын қолдана отырып жүктеуге болатын «ҚҰБ Online» мобильді қосымшасы арқылы өтініш білдіре аласыз.