Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

Жекелеген дамушы елдердің валюталары бойынша шолу

24 мамырдағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық  бағамы  бір аптада 0,1%-ға әлсіреп (378,93-тен)  379,36 теңге деңгейінде қалыптасты.

Сыртқы валюталық нарықта 2019 жылғы 17 мамырдан 24 мамыр аралығында неғұрлым маңызды оқиғалар АҚШ-тың санкциялық тізімен  АҚШ Сауда министрлігінің АҚШ долларына қарағанда ұлттық валюта бағамын жасанды төмендететін елдерге қарсы өтемақы баждарын енгізу ұсынысы,   АҚШ ФРЖ-нің хаттамасын жария ету, онда реттеуші монетарлық саясатқа «шыдамдылықты» сақтау мүмкіндігін атай отырып, пайыздық мөлшерлемені көтеру немесе төмендетуді жоспарламайтынын мәлімдеді, мамырда АҚШ-та өндірісте іскери белсенділіктің баялауы туралы деректердің шығуы (сәуірдегі 52,6 салыстырғанда 50,6), ЕО елдерінде Еуропалық парламентке сайлаулар өткізу, Тереза Мэйдің отставкаға кетуі туралы жариялауы болды,  ол орнын басушыны сайлағанға дейін Ұлыбританияның премьер-министрінің міндеттерін атқаруды жалғастыратын болады.

Аталған факторлар АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда әлсіреуіне  әкелді.

Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:

  • Бразилия реалы Конгресстің төменгі палатасының министрліктер санын 29-дан 22-ге дейін қысқарту туралы заң жобасын мақұлдауы және Президенттің экономикалық реформаларын одан әрі дамыту туралы күтулердің аясында 2%-ға (4,1-ден 4,02-ге   дейін) нығайды;   
  • Үндістан рупиясы 1%-ға  (70,22-ден 69,53-ке дейін) нығайды. Премьер-министр Нарендра Моди парламенттік сайлауларда жеңіске жетті, алайда лауазымын экономиканың баяулаған, бюджет дефициті неғұрлым жоғары болған және жаһандық сауда шиеленісі  жағдайында атқаруды   бастағалы тұр; 
  • Мексика песосы  америкалық компаниялардың  Huawei қытайлық  компаниямен бизнес жүргізуді жалғастыруға  90 күндік рұқсат ұсынуына байланысты тәуекел-сентиментінің уақытша жақсаруы, сондай-ақ мемлекеттік қолдау жоспарлары туралы мәлімдемелердің және Д.Трамптың тарапынан елдің иммиграциялық саясаты туралы сыни пікірлердің қайта басталуына қарамастан, Pemex мұнай компаниясы үшін салықтық ауыртпалықтың жеңілдеуінің аясында 0,6%-ға (19,17-ден 19,05-ке  дейін) нығайды. Наурызда бөлшек сауда 0,2% а/а төмендеді;
  • Индонезия  рупиясы  манифестке қатысушылардың  полициямен қақтығысына қарамастан 0,4%-ға (14 450-ден 14 392-ге дейін) нығайды. Қарсылық білдірушілер президенттік сайлаулардың нәтижелерімен келіспеушілік танытуда, онда алдын ала деректер бойынша  қазіргі мемлекет басшысы Джоко Видодо көш бастап келеді;
  • Ресей рублі  ФҚО-нің аукциондарын табысты орналастыру, экспорттаушы компаниялардың салықтық төлемдерге дайындалуы, аптаның соңында мұнай бағасының төмендеуіне қарамастан, сәуірде өнеркәсіптік өндірістің жылдамдауы (+4,6% ж/ж) туралы деректердің шығуы аясында 0,3%-ға (64,68-ден 64,47-ге дейін) нығайды;  
  • Оңтүстік Африка ранды  ОАР қазіргі Президенті Сирил Рамафосты келесі бес жылға қайта сайлау  аясында 0,1%-ға (14, 43-тен 14,41-ге дейін) нығайды. Инфляция жылдық көрсеткіш бойынша үш айда ішінде алғаш рет 4,4% ж/ж дейін баяулады (ОБ таргетінің орта нүктесінен төмен);   
  • Түрік лирасы Стамбул мэрі лауазымына қайта сайлаудың жақындап қалуы аясында 0,3%-ға (6,06-дан 6,08-ге дейін) әлсіреді, реттеуші ұлттық валюта бағамын қолдау шаралары ретінде жеке адамдардың 100 мың доллардан астам шетел валютасын сатып алу процесіне 1 күндік кідіріс енгізді.

 


[1]  шолуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ашық дереккөздердің негізінде апта сайын дайындайды  

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz