Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Ерболат Досаев  2019 жылғы 22 мамырда Мәскеу қаласында өткен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің ұлттық (орталық) банктерінің валюталық саясаты жөніндегі консультациялық кеңесінің (бұдан әрі – Кеңес, ЕАЭО) 19-шы отырысына қатысты.

Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы реттеушілерінің басшылары ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасы, оның ішінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің бағалы қағаздар нарығына өзара қолжетімділігі мәселелерін, сондай-ақ Тұжырымдаманың ағымдағы мәртебесі және оны келісу бойынша кейінгі қадамдар туралы мәселелерді талқылады. ЕАЭО ортақ қаржы нарығын 2025 жылға дейін құруға бағытталған Жұмыс кестесі келісілді.

Сонымен бірге Кеңес алаңында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы реттеушілерінің басшылары Қаржы нарығының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету және кредит-қаржы саласындағы компьютерлік шабуылдарға қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі жұмыс тобын құру туралы келісімге қол қойды.

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz