Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкпен «Қазақстан Республикасының клиринг ұйымдары есептілігінің тізбесін, нысандарын, мерзімдерін және оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысының жобасы (бұдан әрі – Қаулысының жобасы) әзірленді.

Қаулының жобасы «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» 1995 жылғы 30 наурыздағы, «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі, «Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау туралы» 2003 жылғы 4 шілдедегі және «Мемлекеттік статистика туралы» 2010 жылғы 19 наурыздағы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жаңа редакцияда әзірленген.  Қаулының жобасымен «Клиринг ұйымдарының есептілікті ұсыну қағидаларын бекіту туралы» ҚРҰБ Басқармасының 2012 жылғы 26 наурыздағы № 119 қаулысының күші жойылады.

Қаулысының жобасы Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетіне, Әділет министрлігіне
келісу үшін жіберіледі, басқа мемлекеттік органдармен, қаржы ұйымдарымен және басқа да мүдделі заңды тұлғалармен келісу талап етілмейді.

Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қаулысының толық мәтіні ашық нормативтік құқықтық актілерінің интернет-порталдың «Салық және қаржы» бөлімінде жарияланды.

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz