Қазақстан Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 1-тоқсанның қорытындылары бойынша жүргізген кәсіпорындар мониторингінің деректері бойынша, нақты сектордағы іскерлік белсенділіктің қалыпты қарқынмен өсу үрдісі жалғасты. Теңгемен алынған кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме төмендеді, кәсіпорындардың орташа сату рентабельділігі ұлғайды, кәсіпорындардың дайын өніміне деген сұраныс, әсіресе құрылыс саласы, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету саласында ұлғайды. Теріс үрдістердің ішінен кәсіпорындардың инвестициялық белсенділігінің төмендеуін атап өтуге болады. 2019 жылғы 2-тоқсанда респонденттер экономикалық белсенділіктің аздап бәсеңдеуін күтуде. Бұл тау-кен өндіру өнеркәсібінің дайын өніміне деген сұраныстың өсу қарқынының күтілетін төмендеуіне байланысты.
Кәсіпорындардың кезекті сауалнамасының нәтижелері бойынша есеп Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми сайтында орналастырылды.