Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Бүгін Алматыда Қазақстан Ұлттық Банкі өкілдерінің қаржы сарапшыларымен кезекті кездесуі өтті, оның барысында ақша-кредит саясатының мәселелері, ақша және валюта нарықтарындағы ахуал, сондай-ақ қаржы реттеушісінің базалық мөлшерлемені +/-1%-дық пайыздық мөлшерлеме дәлізімен 9%-ға дейін төмендету туралы шешімі талқыланды. Өтімділікті беру және алу операциялары бойынша мөлшерлемелер де тиісінше 10% және 8%-ға дейін төмендетілді.

Қазақстан Ұлттық Банкі Зерттеулер және статистика департаментінің директоры Виталий Тутушкин айтқандай, базалық мөлшерлемені төмендету туралы шешім инфляцияның және халықтың инфляциялық күтулері деңгейінің, негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның баяулауы жөніндегі күтудің төмендеуі, сондай-ақ сыртқы шикізат нарықтарындағы қолайлы үрдістер сияқты факторларға байланысты.  

Ол жылдық инфляция ағымдағы жылғы наурызда 4,8% құрағанын атап өтті. Оның құрылымында ақылы қызметтер бағасы мен тарифтерінің өсуі 1,2%-ға дейін баяулады, бұл аталған құрауыштың тарихи тұрғыдан алғанда ең төмен мәні болып табылады. «Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы бір жарым жыл ішінде ағымдағы жылғы наурыздың қорытындысы бойынша 6,0%-ға жетіп, жылдық серпіннің біртіндеп баяулағанын көрсетіп отыр. Азық-түлік тауарларының қымбаттауы жалғасуда және азық-түлік инфляциясы наурызда 6,7%-ды құрады», - деп түсіндірді В. Тутушкин.

Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі айтып өткендей, базалық инфляция өткен айдың деңгейінде сақталып, наурыздағы 7,1%-дық жалпы инфляциядан жоғары қалыптасуын жалғастыруда.   

«Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша инфляция 5-5,3% шегінде болады деп күтіледі, ол нысаналы 4-6%-дық бағдар шегінде. Ұлттық Банк Үкіметпен бірлесіп инфляция бойынша нысаналы көрсеткіштерді қайта қарады», - деп хабарлады В. Тутушкин.

Ол Ұлттық Банктің инфляция бойынша нысаналы көрсеткіштерді қайта қарағанын айтты. 2019-2021 жылдары дәліз кейіннен 3-5%-ға дейін төмендей отырып, 4-6% болып сақталады, яғни инфляция деңгейін 4%-ға дейін және одан төмен төмендету жөніндегі мақсатты ұстану сақталады. «Инфляция бойынша алдағы екі жылға арналған нысаналы дәлізді нақтылау экономиканың баяулау тәуекелдеріне әкеп соғатын және экономиканың өсу қарқынына қолдау көрсетуге барынша ықпал ететін қатаң шараларды қабылдамауға мүмкіндік береді», - деп толықтырды В. Тутушкин. 

Ағымдағы жылы, Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі атап өткендей, халықтың инфляциялық күтулерінің төмендеу үрдісі жалғасуда. Нақты жылдық инфляцияның баяулауы және теңгенің айырбастау бағамының тұрақтануы негізгі фактор болды. Инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы жылдық инфляция деңгейінен төмен сақталады және 2019 жылғы наурыздың қорытындысы бойынша жылдың басында 5%-дан төмендеп, 4,5%-ды құрады.

«Қабылданатын инфляция ұзақ мерзімді төмендеу үрдісін жалғастыруда. Алдыңғы  12 ай  ішінде тауарлар  мен қызметтердің бағасы бұрынғыға қарағанда тез өсті деген респонденттердің үлесі ақпандағы 45,3%-дан наурыздағы пікіртерім нәтижелері бойынша 41,2%-ға дейін төмендеді», - деді В. Тутушкин.

Оның айтуынша, ішкі секторда тұтынушылық және инвестициялық сұраныстың ұлғаюы байқалады. «Мәселен, халықтың нақты кірісі ақпанда жылдық көрсеткіш бойынша 9,4%-ға, банк секторының тұтынушылық кредиттерінің портфелі 13,5%-ға өсті. Негізгі капиталға инвестициялардың өсуі екі айда 7%-ды құрады», - деп түсіндірді Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі.

Ол қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі 2019 жылғы қаңтар-наурызда жылдық көрсеткіш бойынша 4,2% құрағанын хабарлады.

«Шикізат нарықтарындағы жоғары бағалардың арқасында сыртқы секторда жағымды ая байқалады. Brent сұрыпты мұнайдың бағасы жылдың басынан бері бір баррель үшін 54-тен 71 АҚШ долларына дейін ұлғайды. Сыртқы монетарлық талаптар тұрақты деңгейде сақталуда. АҚШ ФРЖ мөлшерлемесі өткен жылдың желтоқсан айынан бері 2,5% деңгейінде қалуда, РФ ОБ негізгі мөлшерлемесі – 7,75%», -  деді В. Тутушкин.

Ол негізгі сауда әріптес елдер – Қытай мен ЕО-дағы инфляция наурызда тиісінше 2,3% және 1,4% деңгейінде қалыптасқанын атап өтті. Ресейде инфляция наурызда болжамнан төмен 5,3% деңгейінде қалыптасты.

Сөзінің соңында В. Тутушкин қолданыстағы ақша-кредит талаптары бейтарап деңгейде қалып отырғанын айтты. Қазақстан Ұлттық Банкі өкілінің айтуынша, бұл алдағы екі жылда экономиканың баяулау тәуекелдеріне әкеп соғуы мүмкін және экономиканың өсу қарқынына қолдау көрсетуге барынша ықпал ететін қатаң шараларды қабылдамауға мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Ұлттық Банк қазақстандықтардың шоттары туралы есептер алатын болады

Қаржы жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оны арттыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы ұйымдары үшін жаңа талаптар енгізді.  Оларды түсіну үшін Fingramota.kz-тің көмегіне жүгінелік. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz