Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Биыл Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгені енгізген күннен бастап 25 жыл толды. Бұл – қызықты оқиғалар мен маңызды өзгерістерге толы ширек ғасыр. Жиырма бес жыл ішінде елдің қаржы секторын қалыптастыру, реформалау және дамыту саласында айтарлықтай жұмыс жүргізілді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Дина Ғалиева Қазақстан теңге сарайы қызметінің мәселелері бойынша Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары шеңберіндегі сөйлеген сөзі барысында айтып берді.   

Оның айтуы бойынша, ақша-кредит саясатын жүргізу бөлігінде Ұлттық Банк үшін 2015 жылы инфляциялық таргеттеу режиміне өту маңызды оқиға болды. Бұл төмен инфляцияны қолдау Ұлттық Банк үшін басты мақсатқа айналғанын білдіреді.   

«Инфляциялық таргеттеу режимін таңдау кездейсоқ болған жоқ. Дамыған, сол сияқты дамушы елдердің теориялық базасы мен практикалық тәжірибесі төмен және тұрақты инфляцияны қолдау орталық банктің орнықты экономикалық өсуге қосқан ең үлкен үлесі екендігін көрсетті», - деп атап өтті Д. Ғалиева.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкі ақша ұсынысын таргеттеу режимінен бағам тұрақтылығын қамтамасыз ету режимі арқылы инфляциялық таргеттеуге жүйелі түрде өткенін нақтылап өтті.   

«Өтуге дайындық бірнеше жыл ішінде жүргізілді. Кезең-кезеңімен қажетті заңнамалық база жасалды, ұйымдастырушылық жүйе тұрғызылды және ақша-кредит саясатының құралдары жетілдірілді. Біруақытта талдама және болжау әлеуеті күшейтілді, сондай-ақ ақпараттық ашықтық пен шаралардың транспаренттігі жақсартылды», - деп хабарлады Д. Ғалиева.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz