2018 жылғы 30 қарашадағы сауда-саттық қорытындылары бойынша теңгенің нарықтық бағамы бір АҚШ доллары үшін бір апта ішінде 1,5%-ға әлсіреп (366,05-тен), 371,56 теңге деңгейінде қалыптасты.
Сыртқы валюталық нарық тұрғысынан 2018 жылғы 23 қарашадан 30 қараша аралығында маңызды оқиғалар ФРЖ төрағасы Джереми Пауэллдің негізгі мөлшерлеменің бейратап деңгейге жақындауы туралы түсініктемелері, ФРЖ-нің қарашадағы отырысы хаттамасының жариялануы, ІЖӨ-нің және АҚШ-тың жеке тұтыну шығыстары индексінің өсуі бойынша экономикалық деректерді жариялау болды. Премьер-министр Тереза Мей әзірлеген Ұлыбританияның ЕО-дан шығуы бойынша келісім жобасы британдық депутаттар тарапынан, оның ішінде оның Консервативті партиясының наразылығын тудырды. Мэй атап өткендей, егер парламент депутаттары оның жобасын қолдаудан бас тартса, ЕО-дан келісімсіз шығу тәуекелі бар, ол экономикаға теріс әсерін тигізуі ықтимал. Сондай-ақ, демалыс күндері болып өткен және өткен аптадағы баға белгілеуге тікелей әсер етпеген G20–ның Аргентинадағы саммитінің күтулері маңызды болды. Аталған факторлар әлемдік нарықтарда АҚШ доллары бағамының дамыған елдердің валюталарымен салыстырғанда біраз құбылмалығына әкелді.
Дамушы елдердің валюта бағамдарының[1] АҚШ долларына қарағанда серпіні мынадай түрде қалыптасты:
- Ресей рублі мұнай бағасының жыл басынан ең төмен деңгейлерде сақталуы аясында 1,3%-ға (66,21-ден 67,09-ға дейін) әлсіреді. Сондай-ақ, Эльвира Набиуллинаның желтоқсандағы отырыста базалық мөлшерлемені көтеру ықтималдығы немесе сақтау туралы түсініктемесін атап өту қажет;
- Бразилия реалы экономистердің инфляцияның өсуі және Бразилия Орталық банкінің базалық мөлшерлеменің төмендеуі туралы, сондай-ақ Бразилия Орталық банкінің инвесторлары тарапынан мемлекеттік борышқа сұраныстың төмендеуі туралы мәлімдемесінің аясында 1%-ға (3,83-тен 3,87-ге дейін) әлсіреді.
- Оңтүстік Африка рэнді жинақтау көлік құралдары импортының өсуі мен ауыл шаруашылық өнімдері экспортының төмендеуімен байланысты ОАР сауда–саттық тапшылығының соңғы 10 жыл ішінде қазанда ең жоғары мәнге (5,5 млрд. ранд) дейін өсуін жариялағаннан кейін 0,1%-ға (13,86-дан 13,87-ге дейін) әлсіреді;
- Мексика песосы орталық банк Басқармасының қарашадағы отырысы хаттамасының жариялануы аясында 0,2%-ға (20,41-ден 20,37-ге дейін) нығайды, оның мүшелері мемлекет саясатының белгісіздігі жағдайында шаралар қабылдауға, сондай-ақ он ірі жобаның іске асырылуын басым дауыспен құптауға әзірлігін білдірді;
- Түрік лирасы сауда–саттық тапшылығының соңғы 17 жыл ішінде қазанда ең төмен мәнге (0,46 млрд. АҚШ доллары) дейін төмендеуі, сондай-ақ алып-сатар инвесторлар мен хедж қорлардың тарапынан валюта нарығындағы қызығушылықтың артуы аясында 1,3%-ға (5,29-дан 5,22-ге дейін) нығайды;
- Үндістан рупиясы ІЖӨ-нің өсуі болжам 7,5% болғанда үшінші тоқсанда 7,1%-ға баяулауына қарамастан, мұнай құнының жыл басынан сақталуы аясында 1,6%-ға (70,70-тен 69,58-ге дейін) нығайды;
Индонезия рупиясы монетарлық операциялардың атқарушы директоры Нананг Хендараштың ұлттық валютаның нығаюы үшін экономиканың қолайлы жағдайлары туралы мәлімдеуінің аясында 1,7%-ға (14,544-тен 14 302-ге дейін) нығайды.
[1] АҚШ долларына қарағанда көлемі жағынан неғұрлым көп сатылатын дамушы елдердің валюталары.