Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Ұлттық Банкі ақша-кредит талаптарын бейтарап деп бағалайды. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі 2019 жылдың соңына 4-6% жаңа нысаналы дәліз ішінде инфляцияны қалыптастыруды қамтамасыз етеді. Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған брифинг барысында айтып берді.

Ол базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейінің ұзақ мерзімді әлеуетті мәндерге қатысты олардың жеңілдетілуіне немесе бәсеңдеуіне жол берместен, экономикалық өсу қарқындары тұрғысынан да бейтарап болып қалғанын атап өтті.

«Қазақстан Ұлттық Банкі жүргізетін пайыздық саясаты сыртқы факторлардың ішкі валюта нарығына қысымын теңестіруге мүмкіндік береді. Базалық мөлшерлеменің ағымдағы деңгейі теңгенің тиімді бағамының қалыптасуын қамтамасыз етуге және оның ішкі бағаларға әсерін төмендетуге ықпал етеді», - деп түсіндірді Д. Ақышев. 

Оның айтуы бойынша, Қазақстан Ұлттық Банкінің ақша-кредит саясатының тиімділігін арттыру аясындағы маңызды міндеті базалық мөлшерлеменің нысаналы дәлізі шектерінде TONIA таргеттелетін индикаторының қысқа мерзімді болжамдылығын жақсарту болып қалады. «Яғни, операциялық рәсімдерді жетілдіру, сол сияқты пайыздық дәліз шектерінің тарылу маңыздылығын қарау есебінен TONIA индикаторын базалық мөлшерлемемен жақындату шараларын күшейту қажеттілігі сақталады. Ақша-кредит саясаты саласындағы қажетті шешімдерді Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені келесі жолы қайта қарау кезінде баяндайтын болады», - деп сөзін қорытты Д. Ақышев.  

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz