Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қарашаның соңында Қазақстан Ұлттық Банкінің алтын валюта резервтері, алдын ала деректер бойынша, 30 млрд АҚШ долларын құрады. Еліміздің халықаралық резервтері 87,8 млрд АҚШ долларына жетті. Ол туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған брифинг барысында айтты.

Ол ақша нарығында негізінен ноттар шығарылымымен алынатын артық өтімділіктің сақталуда екенін айтты. «30 қарашада Қазақстан Ұлттық Банкінің өтімділікті таза алуы 2,7 трлн теңге болды. Айналыстағы қысқа мерзімді ноттардың көлемдері 3,5 трлн теңгені құрады. Қарашада ноттар бойынша кірістілік, мерзімділігіне қарай, 8,50%-8,88% аралығында қалыптасты», - деп түсіндірді Д. Ақышев.

Оның айтуынша, ағымдағы жылғы 10 айда депозиттер 17,6 трлн теңгеге дейін 0,8%-ға өсті. Ұлттық валютадағы депозиттердің өсуі 2,3%-ды құрады. Шетел валютасындағы депозиттер 10,8%-ға азайды. Нәтижесінде қазанның соңында депозиттерді долларландыру 46,9% болды.

«Кредиттеу нарығы қалпына келуде. Ағымдағы жылғы 10 айда жаңа кредиттер беру 25,1%-ға немесе 2,2 трлн теңгеге өсті. Қайта құрылымдаудан өтіп жатқан және лицензиясынан айырылған банктердің кредиттік портфелін есептемегенде экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі 8,3%-ға немесе 966,5 млрд теңгеге бағалануда», - деді
Д. Ақышев.

Сөзінің соңында ол кәсіпорындарға теңгемен кредиттер бойынша мөлшерлеменің жылдың басындағы 13,2%-дан 2018 жылғы қазанда 12,5%-ға дейін төмендегенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz