Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Данияр Ақышев экономикадағы инфляциялық қысым бұрынғысынша сақталуда екендігін атап өтті. Қазанда неғұрлым құбылмалы бағалары бар құрауыштардың жалпы инфляцияға ықпалын болдырмайтын базалық инфляция жылдық көрсеткіш бойынша қыркүйектегі 6,2%-бен салыстарғанда 6,3%-ға дейін көтерілді.

«Базалық инфляция серпіні тұтынушылық сұраныс тарапынан қолдауды, сондай-ақ өңдеуші саладағы және ауыл шаруашылығындағы ресурстардың соңғы айларда байқалған қымбаттауының ықпалын білдіреді. Қазанның қорытындысы бойынша күтілетін инфляция деңгейі нақты инфляция деңгейінен жоғары қалыптасты – 6,3%. Алайда оның пікіртерімнің қарашадағы толқын қорытындылары бойынша төмендеуі күтіледі», - деді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Экономикадағы проинфляциялық қысым ішкі сұранысты кеңейтуді жалғастыруда. Халықтың 9 айдағы нақты кірісінің өсімі 3,4%-ды құрады. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған брифинг барысында айтып берді.

Ол банктер жеке тұлғаларға тұтынушылық мақсатқа 10 айда берген кредиттерінің көлемі өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 25,4%-ға немесе 581 млрд теңгеге ұлғайғанын атап өтті. Бұл банктердің тұтынушылық қарыздары портфелінің қазанда жылдық көрсеткіш бойынша 12,9%-ға өсуіне әкелді.

Ол сондай-ақ сыртқы сектор тарапынан инфляцияның негізгі тәуекелдері мұнайдың болашақтағы бағаларына қатысты белгісіздік, сондай-ақ негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның өсу үрдісінің жалғасуы екендігін айтты.

«Қарашада Брент маркалы мұнайдың бағасы бір баррель үшін 75 АҚШ долларынан 60 АҚШ долларынан төмен деңгейге дейін төмендеді, ол жыл басынан бергі ең төменгі мән болып табылады. Негізгі сауда әріптес елдердегі инфляцияның өсу үрдісі жалғасуда. ЕО-да жыл басынан бастап инфляцияның деңгейі 1,7%-дан 2,2%-ға дейін, Қытайда – 1,8%-дан 2,5%-ға дейін, Ресейде – 2,5%-дан 3,5%-ға дейін өсті», - деп сөзін қорытындылады Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz