Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Бүгін 4 желтоқсанда Қазақстан Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1% пайыздық мөлшерлемелер дәлізімен 9,25% деңгейде сақтау туралы шешім қабылдады. Өтімділікті ұсыну және алып қою операциялары бойынша мөлшерлемелер де тиісінше 10,25% және 8,25%-дық деңгейде өзгеріссіз қалдырылды. Бұл жөнінде Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев телевизиялық БАҚ-қа арналған брифингтің барысында айтып берді.

Ол ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі де 9,25%-дық деңгейде қалды деп атады. «Базалық мөлшерлемені сақтау туралы шешімнің негізінде Қазақстан Ұлттық Банкінің инфляцияның болжанатын серпіні бойынша бағалауы жатыр. Базалық мөлшерлеме бойынша алдыңғы шешіммен салыстырғанда олар маңызды өзгерген жоқ», - деді Д. Ақышев.

Ол 2019 жылы жылдық инфляция жаңа 4-6% нысаналы дәліздің ішінде оның жоғары шегіне жақын қалыптасады, кейінгі жылы одан әрі бір қалыпты төмендейді деп толықтырды. Оның айтуы бойынша, болжанатын келешекте Қазақстан Ұлттық Банкі инфляция басымдықпен 5-5,5%-дық шекте сақталатынын күтуде. «Базалық мөлшерлеме бойынша келесі шешімдер 2020 жылдың соңына қарай инфляция бойынша 4%-дан төмен орта мерзімді мақсатқа қол жеткізу міндетін ескере отырып қабылданады», - деп түсіндірді Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.

Данияр Ақышев осы шешімге әсер еткен факторлар туралы да айтып берді. Ол жылдық инфляция қазан мен қарашаның қорытындылары бойынша нысаналы дәліздің төменгі шегіне жақын 5,3% болып қалыптасты, ол соңғы үш жылдағы ең төменгі мән болып табылады деп атады.

«Инфляцияның серпіні жеміс-көкөніс өнімінің бағасы төмендеуіне негізделді. Бұдан басқа, ішкі өндірістің өсуі аясында бензиннің бағасы төмендегені байқалды. Нәтижесінде, осы нарықта өткен жылғы күзде байқалған теріс күйзеліс толығымен жойылды. Ақылы қызметтер инфляциясының серпіні реттелетін қызметтер тарифтерінің уақытша төмендеуін енгізу аясында қалыпты болды», - деп түсіндірді
Д. Ақышев.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2019 жылғы 14 қаңтарда Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz