№ 43 баспасөз релизі

№ 43 баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2018 жылғы 5 желтоқсанда номиналы 500 теңге күмістен, «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясынан «С. Айтбаев «Бақыт» коллекциялық монеталарын айналысқа шығарады.      

«С. Айтбаев «Бақыт» монетасы ұлттық мәдениетіміздің байлығын танымал етуге және Қазақстанның бейнелеу өнеріндегі бағыттардың толық аясын (графика, мүсін, бейнелеу, мозаика және т.б.) ашып көрсетуге арналған «Қазақстанның бейнелеу өнері» монеталар сериясын жалғастырады.

Монеталардың бет жағында (аверсінде) орталық бөлігінде ою-өрнек аясында «ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ • РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН» деген жазбаның қоршауында Қазақстан Республикасының елтаңбасы бейнеленген. Монетаның жоғары бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің логотипі орналасқан. Логотиптің сол жағында «С. АЙТБАЕВ», оң жағында «БАҚЫТ» деген жазба бар. Монетаның төменгі бөлігінде номиналын білдіретін «500 ТЕҢГЕ» деген жазба орналасқан. Сол жағында соғылған жылын білдіретін «2018» деген жазба, оң жағында монета дайындалған металды, оның сынамын және массасын білдіретін «Ag 925» және «31,1 g» деген жазбалар бар.

Монеталардың сырт жағында (реверсінде) «Бақыт» картинасының миниатюрасы бейнеленген, оның авторы – Қазақстанның суретшісі және Қазақ КСР еңбегі сіңген қайраткер Салихитдин Айтбаев.

Монеталар түрлі түсті басу технологиясын қолдана отырып дайындалған. Монета шаршы пішіндес 37х37 мм.  Монеталар 925 сынамды күмістен жасалған, массасы – 31,1  грамм, дайындау сапасы – «proof», таралымы – 1 500 дана.

Номиналы 500 теңгелік коллекциялық монеталар Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көрсетілген құнымен төлемнің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына есептеу және аударым жасау үшін қабылдануға міндетті, Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсақталады және айырбасталады.

Коллекциялық монеталарды «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан теңге сарайы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны дайындаған.

Монеталар коллекциялық құны бойынша сатуға арналған.

Монеталар кәдесыйлық ораумен шығарылады және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдеріндегі нөмірлік сапа сертификатымен жабдықталған.

Коллекциялық монеталарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің барлық аумақтық филиалдарында, сондай-ақ Интернет – дүкені арқылы сатып алуға болады.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz