Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

Қазақстан Республикасындағы инфляция 2017 жылғы қаңтарда баяулап, осыған дейін Ұлттық Банк болжағандай, нысаналы дәліздің шегіне кіріп, жылдық көрсетуде 7,9% болды. Инфляция құрылымында азық-түлік тауарларына бағалардың жылдық өсу қарқындарының 9%-ға дейін, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 9,2%-ға дейін, ақылы қызметтердікі 5,3%-ға дейін төмендеуі жалғасты.

Инфляция 2017 жылғы қаңтарда 0,8%-ды құрады, бұл 2016 жылғы қаңтардағы көрсеткіштен айтарлықтай төмен (1,3%) және тұтастай алғанда, жыл басындағы инфляциялық үрдістерге сәйкес келеді.

Ұлттық Банктің болжамдары бойынша, 2017 жылы жылдық инфляция деңгейі едәуір төмендеуді көрсетпейді, алайда 6-8% нысаналы дәліздің ішінде болады. Инфляцияның нысаналы дәліздің шегінен тыс шығу тәуекелдері әлемдік шикізат нарықтарындағы күйзелістер, тұтынушылық сұраныстың өсуі, бюджеттік шығыстардың ұлғаюы, сондай-ақ инфляциялық күтулердің баяу дамуы болады.

Ұлттық Банк экономикалық өсу үшін қажетті жағдайлар жасай отырып, елдегі баға тұрақтылығын қамтамасыз ету жұмысын жалғастырады. Инфляцияның 6-8% дәлізі 2017 жылға арналған нысаналы дәліз болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Ірі кредит алған кезде жұбайының келісімі міндетті

Қазақстанда кредит беру тәртібіне жаңа қағидалар енгізілгеніне бір жылға жуық уақыт болды. Ендігі жерде ірі кредит жұбайының немесе зайыбының келісімінсіз берілмейтін болады. Шекті сома – 2025 жылы 1 000 айлық есептік көрсеткішті (АЕК) – 3 932 000 теңгені құрайды. Тиісінше, алдағы уақытта АЕК мөлшері өскен жағдайда келісім талап етілетін ең төменгі сома да ұлғаятын болады.

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz