Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

2018 жылғы 2 шілдеде «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына Ұлттық Банкке ерекше реттеу режимін енгізу жөніндегі өкілеттіктер берген толықтырулар енгізілді.

Ерекше реттеу ортасы (реттеу ортасы) – заңды тұлғалардың қаржы саласындағы және көрсетілетін төлем қызметтері саласындағы жобаларды қолданыстағы қаржы заңнамасын бұзу тәуекелінсіз пилоттық тұрғыдан жүзеге асыра алатын ортасы.

Реттеу ортасы қаржы нарығын реттеудің икемділігін арттыруға, қаржылық қызметтердің қолжетімділігін дамытуға және арттыруға, жаңа қаржылық өнімдерді енгізуге бағытталған.

Ерекше реттеу режимін енгізу мерзімі қатысушы мен Ұлттық банк арасындағы шарт шеңберінде айқындалады, бірақ 5 жылдан аспайды.

Мыналар ерекше реттеу режимінің қатысушылары болып табылады: 

1) қаржы ұйымдары;

2) қаржы саласында, ресурстар мен көрсетілетін төлем қызметтерін шоғырландырумен байланысты салада қызметін жүзеге асыратын заңды тұлғалар.

Ерекше реттеу режиміне қатысу үшін өтініш берушілер қатысушыларды іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келуге және Ұлттық Банкке құжаттар тізбесімен қоса, қатысуға өтінішін жіберуге тиіс.

Іріктеу өлшемшарттары және қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі «Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасу үшін құжаттарды іріктеу өлшемшарттарын және қарау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2018 жылғы 27 қыркүйектегі № 225 қаулысымен (2018 жылғы 26 қазанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 17614 болып енгізілген) бекітілген.

Өтініш берушінің құжаттарын қарау қорытындылары бойынша Ұлттық Банк әрбір қатысушы үшін талаптары жеке белгіленетін ерекше реттеу режимінің шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы шарт жасасудың орындылығы туралы шешім қабылдайды. 

Үлгілік шарт «Ерекше реттеу режимі шеңберінде қызметті жүзеге асыру туралы үлгілік шартты бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 27.09.2018ж. №226 қаулысымен (2018 жылғы 29 қазанда Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне №17629 болып енгізілген) бекітілген.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Цифрлық қақпан: алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз

Заманауи қаржылық технологиялар банктік және басқа да қаржылық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетіп, оларды қол жетімді және ыңғайлы етті. Сонымен қатар, цифрлық мүмкіндіктердің кеңеюі алаяқтарға да көп мүмкіндіктер берді, олар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін іздеп, қаржы технологиялық саланы белсенді игеріп бағуда.   Қаржылық шығындардан қалай аулақ болуға және дербес деректеріңізді қалайша қауіпсіз сақтауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz