№ 41 баспасөз релизі

№ 41 баспасөз релизі

1. 2018 жылғы қазандағы инфляция және инфляциялық күтулер

Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитетінің деректері бойынша 2018 жылғы қазанда  инфляция 0,4%, жылдың басынан бері – 3,7% (2017 жылғы қаңтар-қазанда – 5,4%) болды.

Жылдық инфляция 5,3% деңгейінде қалыптасты және 2018 жылдың соңында  Ұлттық Банктің 5-7% нысаналы дәлізінің ішінде тұр. Инфляцияның құрылымында жылдық көрсеткіш бойынша азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 6,5%-ға, азық-түлік тауарлары және ақылы қызмет көрсету – тиісінше 4,7% және 4,8%-ға өсті.

2018 жылғы қазанда халықтың инфляциялық күтулері аздап төмендеді. Халықтың пікіртерім нәтижелері бойынша инфляцияның бір жылдан кейін күтілетін сандық бағалауы нақты инфляциядан жоғары бола тұра 6,3% болды .

2. 2018 жылғы қазандағы халықаралық резервтер және ақша агрегаттары

2018 жылғы қазанда Ұлттық Банктің жалпы халықаралық резервтері алдын ала деректер бойынша 3,0%-ға немесе 29,1 млрд АҚШ долларына дейін 885,1 млн АҚШ долларына дейін төмендеді (жыл басынан бері 5,4%-ға немесе 1 652,7 млн АҚШ долларына төмендеді).

Жалпы алғанда, елдің халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (56,5 млрд АҚШ долл) қоса алғанда, 2018 жылғы қазанның соңында 85,6 млрд АҚШ долл болды.

Ұлттық қордың активтерін толықтыру және Үкіметтің сыртқы борышына қызмет көрсету бойынша операциялар, сондай-ақ банктердің Ұлттық Банктегі шетел валютасындағы корреспонденттік шоттарындағы қалдықтардың төмендеуі Үкіметтің Ұлттық Банктегі шоттарына валютаның түсуімен бейтараптандырылды.

Ақша базасы қазанда 6,2%-ға тарылды және 5 799,3 млрд теңге (жыл басынан бері 4,7%-ға кеңейді) болды. Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 5 313,4 млрд теңгеге дейін 9,1%-ға тарылды (2,9%-ға кеңею).

Қазандағы ақша массасы алдын ала деректер бойынша 0,1%-ға аздап ұлғайды (жыл басынан бері 1,5%-ға ұлғайды) және 19 744,3  млрд теңге болды, айналыстағы қолма-қол ақша 2 102,9 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды (8,0%-ға ұлғайды).

3. Ұлттық Банктің ақша-кредит саясаты саласындағы операциялары

Ұлттық Банктің 2018 жылғы 15 қазандағы шешімімен базалық мөлшерлеме +/-1%-дық[1] дәлізбен жылдық 9,25%-ға дейін көтерілді.

Қазақстан Ұлттық Банкінің қысқа мерзімді ноттары. 2018 жылғы қазанның соңында айналыстағы ноттардың көлемі бір айда 12,2%-ға ұлғайып (жыл басынан бері 19,4%-ға өсу), 3 801,0 млрд теңгені  құрады.

Қысқа мерзімді ноттар эмиссиясының көлемі 2018 жылғы қазанда 7 200,9  млрд теңге болды. 35 аукцион, оның ішінде 5 864,6 млрд теңге сомаға 7 күндік ноттарды орналастыру бойынша 25 аукцион, 992,5 млрд теңге сомаға 1 айлық ноттарды орналастыру бойынша 5 аукцион, 42,3 млрд теңге сомаға 3 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион, 44,4 млрд теңге сомаға 6 айлық ноттарды орналастыру бойынша 1 аукцион және 257,1 млрд теңге сомаға 1 жылдық ноттарды орналастыру бойынша  3 аукцион өткізілді.

Ұлттық Банктің  қысқа мерзімді ноттарын өтеу көлемі 2018 жылғы қазанда 6 716,8 млрд теңгені құрады.

Орташа алынған кірістілік орналастырылған 7 күндік ноттар бойынша 8,60%, 1 айлық ноттар бойынша – 8,57%, 3 айлық ноттар бойынша  – 8,73%, 6 айлық ноттар бойынша – 8,85% және 1 жылдық ноттар бойынша – 8,50% болды.

Тұрақты қолжетімді ақша-кредит саясатының құралдары. 2018 жылғы  қазанның соңында Ұлттық Банктің ашық позициясының көлемі тікелей РЕПО операциялары бойынша 206,4 млрд теңге, кері РЕПО операциялары бойынша 213,1 млрд теңге, Ұлттық Банктегі банктік  депозиттер бойынша 451,4 млрд теңге болды.

Ұлттық Банктің ақша нарығындағы операцияларының теріс сальдосы (Ұлттық Банктің ашық позициясы) ашық нарықтағы операциялар бойынша және тұрақты қолжетімді құралдар бойынша бір айда 639,3 млрд теңгеге ұлғайды және қазанның соңындағы жағдай бойынша 3,3 трлн теңге болды.

Ақша нарығында ақша-кредит саясатының операцияларын жүргізу кезінде таргеттелетін (нысаналы) мөлшерлеме болып табылатын TONIA индикаторы[2]  2018 жылғы  қазанда Ұлттық Банктің базалық мөлшерлемесінің пайыздық дәлізінің төменгі шегі деңгейінде қалыптасты. Қазанда TONIA-ның орташа алынған мәні жылдық 8,18% (2018 жылғы қыркүйекте – 8,44%) болды.

Кірістілік қисығын қалыптастыру. 2018 жылғы қазанда Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі мемлекеттік  бағалы  қағаздарды орналастыруды жүзеге асырған жоқ.

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің айналыстағы бағалы қағаздарының көлемі 2018 жылғы қазанның соңында 7 223,2 млрд теңге болды.

Бұл ретте кірістілік қисығының қысқа мерзімді және орта мерзімді секторларының бойымен төмендеуі және оның нысанының біртіндеп қалпына келуі жалғасуда.

4. 2018 жылғы қазандағы валюта нарығы

2018 жылғы қазанда теңгенің айырбастау бағамы бір АҚШ доллары үшін 360,65-373,71 теңге аралығында өзгерді. 2018 жылғы қазанның соңында теңгенің АҚШ долларына қатысты биржалық бағамы бір айда 1,6%-ға төмендеп (жыл басынан бастап 11,0%-ға әлсіреді), бір АҚШ доллары үшін 368,95  теңге болды.

KZT/USD валюталық жұбы бойынша операциялардың жалпы көлемі бір айда 15,0 млрд АҚШ доллары (бір айда 3,2%-ға ұлғаю), оның ішінде Қазақстан қор биржасындағы биржалық сауда-саттықтардың көлемі – 2,6 млрд АҚШ доллары (32,8%-ға азаю), биржадан тыс валюта нарығындағы операциялардың көлемі – 12,4 млрд АҚШ доллары (16,0%-ға ұлғаю) болды.  Бір еншілес банктің валюталық тәуекелдерден меншікті капиталды хеджирлеумен байланысты операцияларының көлемі алдыңғы аймен салыстырғанда 19,2%-ға азайып, 8,6 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл ретте, олардың биржадан тыс сауда-саттықтардың  жалпы көлемінен үлесі 69,7%-ды құрады (2018 жылғы қыркүйекте 67,8%). Аталған операция ішкі валюта нарығындағы шетел валютасына сұраныс немесе ұсыныс көлеміне әсер етпейді.

2018 жылғы қазанда халық нетто-негізде 208,5 млрд  теңге сомаға барабар қолма-қол шетел валютасын сатып алды. Шығыстардың негізгі көлемі АҚШ долларын  – 57,9% немесе 120,8 млрд теңге, Ресей рублін – 25,6% немесе 53,3 млрд теңге, еуро – 16,1% немесе 33,6 млрд теңге сатып алуға бағытталды. Алдыңғы аймен салыстырғанда аталған шығыстар 28,3%-ға азайды, бұл шетел валютасына маусымдық сұраныстың азаюына байланысты болды. Валюта түрлеріне бөлгенде АҚШ долларын сатып алуға шығыстар 39,5%-ға, Ресей рублі – 9,1%-ға азайды, еуро сатып алуға шығыстар 9,1%-ға ұлғайды.

Айырбастау пункттерінің қолма-қол шетел валютасын нетто-сатуының жалпы көлемін 2018 жылғы 10 ай бойынша (2,0 трлн теңге) өткен жылғы ұқсас кезеңнің көрсеткіштерімен (1,2%-ға төмендеу) салыстыруға болады.

5. 2018 жылғы қазанның соңындағы жағдай бойынша депозит нарығы

Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы қазанның соңында алдыңғы  айдың  деңгейінде  қала  отырып, 17 641,4 млрд теңгені  құрады. Заңды тұлғалардың депозиттері 9 317,9 млрд теңгеге дейін 0,4%-ға өсті, жеке тұлғалардың депозиттері 8 323,5 млрд теңгеге дейін 0,5%-ға қысқарды.

Ұлттық валютамен депозиттердің көлемі бір айда 9 373,7 млрд теңгеге дейін 1,2%-ға өсті, шетел валютасында 8 267,7 млрд теңгеге дейін 1,5%-ға  азайды. Долларлану деңгейі 2018 жылғы қазанның соңында 2017 жылғы желтоқсандағы 47,7%-бен  салыстырғанда 46,9%-ды құрады.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютамен депозиттері 2018 жылғы қазанда 5 129,8 млрд теңгеге дейін 1,6%-ға ұлғайды, шетел валютасында 4 188,1 млрд теңгеге дейін 1,1%-ға азайды (заңды тұлғалардың депозиттерінің 44,9%-ы).

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 243,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға дейін ұлғайды, шетел валютасында 4 079,6 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға азайды (жеке тұлғалардың депозиттерінің  49%-ы).

Мерзімді депозиттердің көлемі бір айда 1,9%-ға қысқарып, 12 005,5 млрд теңгені құрады. Олардың құрылымындағы ұлттық валютамен салымдар 6 170,8 млрд теңге, шетел валютасымен  – 5 834,7 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютамен мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,1%-ды (2017 жылғы желтоқсанда – 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша  – 10,7% -ды (11,7%) құрады.

6. 2018 жылғы қазанның соңындағы жағдай бойынша кредит нарығы

Банктердің экономиканы кредиттеу көлемі 2018 жылғы қазанның соңында 12 776,4 млрд теңгені құрады (бір айда 0,9%-ға ұлғаю). Заңды тұлғаларға кредиттердің көлемі 7 595,7 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға ұлғайды, жеке тұлғалардыкі 5 180,8 млрд теңгеге дейін 1,7%-ға ұлғайды.

Қайта құрылымдауды бастан өткеріп жатқан және лицензиядан айырылған банктердің кредиттік портфелін есепке алмағанда, экономиканы кредиттеудің жылдық өсуі  8,3%-ды немесе 966,5 млрд теңгені құрайды.

Ұлттық валютамен кредиттердің көлемі бір айда 9 845,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер өзгерген жоқ, ал  жеке тұлғаларға кредиттер 1,9%-ға ұлғайды. Шетел валютасымен кредиттердің көлемі 2 930,5 млрд теңгеге дейін 0,6%-ға ұлғайды. Олардың құрылымында заңды тұлғаларға кредиттер 0,9%-ға ұлғайды, ал жеке тұлғаларға кредиттер 3,6%-ға азайды. Теңгемен кредиттердің үлес салмағы 2018 жылғы қазанның соңында 77,1%-ды құрады (2017 жылғы желтоқсанда – 73,7%).

Ұзақ мерзімді кредиттердің көлемі бір айда 10 917,5 млрд тенгеге дейін 0,8%-ға ұлғайды, ал қысқа мерзімді кредиттердің көлемі 1 859 млрд теңгеге дейін 1%-ға ұлғайды.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін кредиттеу 2 421,2  млрд теңгеге дейін 3,3%-ға (экономикаға кредиттердің жалпы көлемінен 19%) азайды.

Салалар бойынша бөлінген банктердің экономикаға кредиттерінің ең қомақты сомасы өнеркәсіп (жалпы көлемдегі үлесі – 15%), сауда (13,6%), құрылыс (6,3%), ауыл шаруашылығы (3,9%) және көлік (4,6%) сияқты салаларға тиесілі.

2018 жылғы қазанда банктік емес заңды тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 12,5% (2017 жылғы желтоқсанда – 13,2%), жеке тұлғаларға – 17,3% (19,2%) болды.

7. 2018 жылғы қаңтар-қазандағы төлем жүйелері

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының аумағында 20 төлем жүйесі, оның ішінде Ұлттық Банктің төлем жүйелері, ақша аудару жүйелері, төлем карточкаларының жүйелері мен өзге де төлем жүйелері жұмыс істейді.

2018 жылғы қаңтар-қазанда Ұлттық Банктің төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі мен Банкаралық клиринг жүйесі) арқылы 669,9 трлн теңге сомаға
35,4 млн транзакция жүргізілді (2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда төлемдердің саны 19,3%-ға ұлғайды, төлемдер сомасы 6,1%-ға азайды). Орташа алғанда, бір күн ішінде аталған төлем жүйелері арқылы 3,3 трлн теңге сомаға 171,8 мың транзакция жүргізілді.

2018 жылғы қаңтар-қазанда Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының көлемі 15,8 трлн теңге сомаға 632,7 млн транзакцияны құрады (2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда транзакциялардың саны 72,2%-ға ұлғайды, сомасы – 45,8%-ға өсті). Қазақстан эмитенттерінің төлем карточкаларын пайдалана отырып жүргізілген операцияларының жалпы құрылымында қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер санының үлесі 63,9%-ға дейін (2017 жылғы қаңтар-қазанда – 47,9%) өсті, қолма-қол ақшасыз жасалған төлемдер көлемінің үлесі 30,8%-ға (21,1%) дейін ұлғайды.

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасында төлем карточкаларының шығарылымын 22 банк пен «Қазпочта» АҚ жүзеге асырды, эмиссияланған және таратылған төлем карточкаларының жалпы саны 21,8 млн бірлік болды. 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша төлем карточкаларына қызмет көрсету желісі төмендегідей: 10,8 мың банкомат, 133,1 мың POS-терминал. 2018 жылғы 1 қарашада Қазақстанда төлем жасауға төлем карточкаларын қабылдайтын 78,7 мың сауда кәсіпорны жұмыс істеді, бұл олардың 2017 жылғы 1 қарашадағы санынан 3,7%-ға асты.

2018 жылғы қаңтар-қазанда халықаралық ақша аударымы жүйелері арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 562,0 млрд теңге сомаға 2,5 млн аударымды құрады. 2017 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда ақша аударымдары көлемінің өсуі 31,8%-ды құрады. Жөнелтілген аударымдардың жалпы көлемінен Қазақстаннан тыс жерлерге транзакциялардың жалпы санынан 89,8% (2,2 млн транзакция) және жалпы сомасынан 88,8% (499,2 млрд теңге) жіберілді. Қазақстан бойынша ақша аударымы жүйелері арқылы ақша аударымдарының жалпы санынан 10,2% (0,3 млн транзакция) және жалпы сомасынан 11,2% (62,8 млрд теңге) жүргізілді.

Осы кезеңде шетелден халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 293,3 млрд теңге сомаға 1,2 млн транзакция алынды.

8. 2018 жылғы қазандағы банк секторы

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 28 банк жұмыс істейді.

Банк секторының жиынтық активтері 2018 жылғы 1 қарашада 24 538,0 млрд теңгені (жылдың басынан бері ұлғаю 1,6%) құрады. Активтердің құрылымында ең көп үлес кредиттерге – 50,4%, бағалы қағаздар портфеліне – 19,4%, қолма-қол ақша, аффинирленген бағалы металдар мен корреспонденттік шоттарға – 13,7% тиесілі. 

90 күннен астам мерзімі өткен берешегі бар кредиттер (NPL) 1 089,5 млрд теңгені немесе несие портфелінің 8,17%-ын құрады. 

Несие портфелі бойынша провизиялар 1 831,5 млрд теңге немесе несие портфелінің 13,7%-ы (2018 жылдың басында – 2 126,4 млрд теңге немесе 15,6%) мөлшерінде қалыптасты.

Банк секторының жиынтық міндеттемелерінің мөлшері 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 21 588,2 млрд теңгені (жылдың басынан бастап ұлғаю 2,2%-ды) құрады. Банктер міндеттемелерінің құрылымында ең жоғары үлесті клиенттердің салымдары – 77,8%-ды, айналысқа шығарылған бағалы қағаздар – 6,8%-ды, басқа банктерден және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алынған қарыздар – 3,7%-ды иеленеді.

Жиынтық міндеттемелерде банктердің Қазақстан Республикасының бейрезиденттері алдындағы міндеттемелері 2018 жылдың басымен салыстырғанда   5,56%-дан 5,95%-ға дейін (1 227,6 млрд теңгеге дейін) ұлғайды.

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша банк секторының жиынтық меншікті капиталы 2018 жылғы қаңтар-қазанда 2,6%-ға азайып, 2 949,8 млрд теңге болды.

Таза пайда (ағымдағы кірістердің ағымдағы шығыстардан асып кетуі) 566,5 млрд теңгені құрады.  

Екінші деңгейдегі банктердің таза пайыздық маржасы және пайыздық спрэді 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша тиісінше 5,11% және 4,01% болды.

9.2018 жылғы қазандағы сақтандыру секторы

2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша сақтандыру секторында 30 сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымы жұмыс істейді.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары активтерінің жиынтық көлемі 2018 жылғы 1 қарашада 990,4 млрд теңге (жылдың басынан бері 7,0%-ға өсті) болды.

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының міндеттемелері жыл басынан бері 528,4 млрд теңгеге дейін 2,9%-ға ұлғайды.  

Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдары қолданыстағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша қабылданған міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету үшін қалыптастырған сақтандыру резервтерінің көлемі жыл басынан бері 475,4  млрд теңгеге дейін 3,2%-ға өсті.   

Меншікті капитал 462,0 млрд теңге (жыл басынан бері 12,2%-ға өсу) болды.

Сақтандыру сыйлықақылары 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 2017 жылғы ұқсас көрсеткішпен салыстырғанда 317,7 млрд теңгеге дейін 1,9%-ға ұлғайды, олардың ішінде тікелей сақтандыру шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 286,3 млрд теңге болды.

2018 жылғы он айдың қорытындысы бойынша «өмірді сақтандыру» саласы бойынша сақтандыру сыйлықақылары 2017 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 66,6 млрд теңгеге дейін 23,5%-ға ұлғайды. Жиынтық сақтандыру сыйлықақыларында «өмірді сақтандыру» саласы бойынша жиналған сақтандыру сыйлықақыларының үлесі 21,0%, 2017 жылғы 1 қарашада 17,3% болды.

Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 74,2 млрд теңгені немесе сақтандыру сыйлықақыларының жиынтық көлемінің 23,4%-ын құрады. Қайта сақтандыруға берілген сақтандыру сыйлықақыларының 79,8%-ы Қазақстан Республикасының бейрезиденттеріне қайта сақтандыруға берілді. 

2018 жылдың басынан бастап жүргізілген сақтандыру төлемдерінің жалпы көлемі  (қайта сақтандыруға қабылданған шарттар бойынша жүзеге асырылған сақтандыру төлемдерін шегергенде) 58,2 млрд теңге болды, ол 2017 жылдың ұқсас кезеңінен 4,7%-ға аз. 

10.2018 жылғы қаңтар-қазандағы зейнетақы жүйесі

Салымшылардың (алушылардың) зейнетақы жинақтары 2018 жылғы қаңтар-қазанда 1 261,8 млрд теңгеге (16,2%) ұлғайып, 2018 жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 9 042,5 млрд теңгені құрады.  

2018 жылғы 1 қарашада 3 490,4 млрд теңге болған зейнетақы активтерін инвестициялаудан түскен «таза» кіріс 2018 жылғы қаңтар-қазанда 715,5 млрд теңгеге ұлғайды.

Міндетті зейнетақы жарналары бойынша салымшылардың жеке зейнетақы шоттарының саны (зейнетақы жинақтары жоқ ЖЗШ-ны есептегенде) 2018 жылғы
1 қарашада 9,8 млн шотты құрады.

2018 жылғы қаңтар-қазанда зейнетақы төлемдерінің сомасы 143,4 млрд теңгені құрады.

2018 жылғы 1 қарашада БЖЗҚ жиынтық инвестициялық портфелінің негізгі үлесі, бұрынғыша, ҚР мемлекеттік бағалы қағаздарына және ҚР эмитенттерінің корпоративтік бағалы қағаздарына (зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің тиісінше 49,1%-ы және 23,7%-ы) тиесілі.

11. Экономиканың нақты секторы кәсіпорындарына жүргізілген 2018 жылғы 3-тоқсандағы мониторинг нәтижелері туралы

Экономиканың нақты секторындағы 2018 жылғы 3-тоқсандағы ахуалды бағалау мақсатында 2018 жылғы қазанда кәсіпорындарға кезекті мониторинг жүргізілді. Ел экономикасының негізгі салаларын көрсететін мониторингке қатысушы кәсіпорындардың саны 3116 болды, оның ішінде орта және ірі кәсіпорындар – 1556. Кәсіпорындар мониторингінің нәтижелері экономиканың нақты секторындағы оң үрдістердің сақталуын көрсетіп отыр, олар алдыңғы тоқсанда да байқалды.

2018 жылғы 3-тоқсанда жалпы алғанда нақты сектор бойынша дайын өнімге сұраныс  ұлғайды, диффузиялық индекс[3] (ДИ) 52,5 болды. Тауар өндіру секторында сұраныс қызмет көрсету секторына қарағанда көп өсті  (тиісінше ДИ=53,8 және 51,2). Дайын өнімге бағаның өсу қарқыны өткен тоқсанмен салыстырғанда айтарлықтай төмендеді (ДИ 57,6-дан 53,8-ге дейін төмендеді), сондай-ақ  шикізат пен материалдар бағасының өсу қарқынының баяулағаны байқалды (ДИ=62,9).

2018 жылғы 4-тоқсанда кәсіпорындардың күтулері бойынша дайын өнімге сұраныстың өсуі (ДИ=53,2) сақталады, ал дайын өнім бағасының өсуі шамалы ұлғаяды (ДИ=54,9). Шикізат пен материалдардың бағасы қалыпты жоғары деңгейде қалады (ДИ= 63,0).

2018 жылғы 3-тоқсанда инвестициялық белсенділік айтарлықтай өзгерген жоқ.  Көптеген кәсіпорын меншікті қаражат есебінен негізгі және айналым қаражатын қаржыландырады (тиісінше 67,9% және 83,2%). Негізгі құрал-жабдықтарды қаржыландыру үшін банктік қарыздарды пікіртерім жасалған кәсіпорындардың 6,4%-ы пайдаланды, айналым қаражатын қаржыландыру үшін кәсіпорындардың 16,4%-ы пайдаланды.

2018 жылғы 3-тоқсанда кредит және бұрын ашылған кредит желісі арқылы кезекті транш алған кәсіпорындардың үлесі шамалы 17,7%-ға дейін (2018 жылғы 2-тоқсандағы 16,7%-дан) ұлғайды. Банктердің кредиттері бойынша мерзімі өткен (90 күннен астам) берешегі бар кәсіпорындардың үлесі 3,4%-ды құрады. 2018 жылғы 4-тоқсанда кредит алу үшін 16% кәсіпорынның өтініш беруге ниеті бар.

Шетел валютасымен кредиттер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме деңгейі 7,0%-дан 7,3%-ға дейін ұлғайды, теңгемен кредиттер бойынша 13,2%-дан 13,1%-ға дейін төмендеді.


[1] Бірмезгілде ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі ұқсас деңгейге (9,25%) дейін көтерілді.

[2] Биржада МБҚ-мен автоматты РЕПО секторында жасалған, РЕПО-ны мерзімі бір жұмыс күніне ашу  мәмілелері  бойынша  орташа алынған пайыздық мөлшерлеме

[3] Диффузиялық индекс 50 деңгейінен жоғары (төмен) болған сайын көрсеткіштің өсу (түсу) қарқыны соншалықты жоғары ( төмен) болады,  50 деңгейі өзгерістің болмауын білдіреді.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Цифрлық қақпан: алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз

Заманауи қаржылық технологиялар банктік және басқа да қаржылық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетіп, оларды қол жетімді және ыңғайлы етті. Сонымен қатар, цифрлық мүмкіндіктердің кеңеюі алаяқтарға да көп мүмкіндіктер берді, олар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін іздеп, қаржы технологиялық саланы белсенді игеріп бағуда.   Қаржылық шығындардан қалай аулақ болуға және дербес деректеріңізді қалайша қауіпсіз сақтауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz