Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

2018 жылғы 15 қарашада Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресі шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің (бұдан әрі – ВСКК, ЕАЭО) кезекті отырысы өтті.

Отырысқа Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Д. Ақышев, Армения Республикасы Орталық банкінің Төрағасы А. Джавадян, Беларусь Республикасы Ұлттық банкі Басқарма Төрағасының орынбасары С. Калечиц, Қырғыз Республикасы Ұлттық банкі Төрағасының орынбасары М. Момункулова, Ресей Федерациясы Орталық банкінің Төрағасы Э. Набиуллина, Ресей Федерациясы Орталық банкі Төрағасының бірінші орынбасары К. Юдаева, сондай-ақ Беларусь Республикасы қаржы министрлігінің өкілдері қатысты.

Іс-шара барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің қаржы реттеушілерінің басшылары ЕАЭО ортақ қаржы нарығын қалыптастыру тұжырымдамасының жобасымен бірлескен жұмыстың кейінгі қадамдарын, атап айтқанда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің банктік және сақтандыру секторларындағы еншілес ұйымдардың қолжетімділігін жеңілдету тетіктерін, қаржы нарығын реттеу бойынша ұлттықтан жоғары органның міндеттерін және өкілеттіктерін келісті.

Сонымен қатар отырысқа қатысушылар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің Валюталық саясат жөніндегі консультациялық кеңесінің келесі отырысы барысында бағалы қағаздар нарығындағы ықпалдасу мәселелерін талқылауды жалғастыру туралы шешім қабылдады.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Цифрлық қақпан: алаяқтардың құрығына түсіп қалмаңыз

Заманауи қаржылық технологиялар банктік және басқа да қаржылық қызметтерді алуды едәуір жеңілдетіп, оларды қол жетімді және ыңғайлы етті. Сонымен қатар, цифрлық мүмкіндіктердің кеңеюі алаяқтарға да көп мүмкіндіктер берді, олар азаматтарды алдаудың жаңа тәсілдерін іздеп, қаржы технологиялық саланы белсенді игеріп бағуда.   Қаржылық шығындардан қалай аулақ болуға және дербес деректеріңізді қалайша қауіпсіз сақтауға болатыны жөнінде Fingramota.kz-пен бірге қарастырайық. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz