Ақпараттық хабар

Ақпараттық хабар

Қазақстан Ұлттық Банкі қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында біршама күш-жігерді шоғырландырды. Ол туралы Қазақстан Ұлттық Банкінің Төрағасы Қазақстан қаржыгерлерінің VIII конгресінің сессиясында сөз сөйлеген кезде айтты.

Ол Қазақстан Ұлттық Банкі қаражатының есебінен Валюталық ипотекалық қарыздарды қайта құрылымдау бағдарламасы іске асырылуда, оған сәйкес тұрғын үйін кепілге қойып валюталық кредит алған қарыз алушылардың проблемалары кезең-кезеңімен шешіледі деп атап өтті. 300 млрд теңгеден астам бөлінді, Бағдарламаны іске асыру нәтижесі бойынша 50 мыңнан астам азаматтың тұрғын үйі сақталатын болады.

«Қазақстан Ұлттық Банкі «Коллекторлық қызмет туралы» заңды әзірледі, ол 2017 жылы қабылданды. Бұрын коллекторлардың қызметі реттелген жоқ, ал олардың іс-қимылдарына халықтың шағымдары бір жылда 1 мың өтініштен асып кететін. Қабылданған заң берешекті өндіріп алудың аталған сегментіндегі шиеленісті шешіп, үлкен оң рөл атқарды.

Қазір бұл сала реттелуге тиіс және тараптарға реттелетін құқықтық аяда берешек мәселелерін шешудің өзара қолайлы нұсқаларын табуға мүмкіндік береді. Соның нәтижесінде коллекторлардың іс-әрекеттеріне берілген шағымдардың саны 10 есеге қысқарды», - деді Д. Ақышев.

Ол осы жылғы шілдеде кредиттеудің реттелмейтін нарығы субъектілерінің қызметтері бойынша жылдық тиімді мөлшерлемені тікелей шектейтін азаматтық заңнамаға түзетулер қабылданғанын, ол, бірінші кезекте, онлайн-кредиторлар мен жалақыға дейінгі жылдық 100% шеңберіндегі кредиттер екендігін қосымша айтып берді. «Ұсыныстарды дайындау барысында біз өсімқорлықпен күрес саласында айтарлықтай табысқа жеткен Грузия Орталық Банкінің тәжірибесін белсенді түрде пайдаландық», - деп сөзін қорытты Қазақстан Ұлттық Банкінің басшысы.  

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz