Ақпараттық хабар

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Қазком» АҚ арасында келіссөздердің басталғаны туралы Ұлттық Банкке банктердің менеджменті және акционерлері хабарлады. Қаржы нарықтарының жаһандануы және ықпалдасу процестерінің күшеюі жағдайында банк секторының шоғырлану үрдісі көптеген елдерге, оның ішінде Қазақстанға де тән. Бұл туралы ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Олег Смоляков хабарлады.

«Мәміле нақты іске асырылғанға дейін банктер Ұлттық Банктен ірі акционерлерді ауыстыруға келісім алуға тиіс, ол келісім банктердің барлық депозиторлары мен кредиторларының мүддесін қорғау қамтамасыз етілген, сондай-ақ банктердің бизнесін орнықты дамыту үшін жаңа акционерлерде қаржылай мүмкіндік болған жағдайда ғана болуы мүмкін», - деп хабарлады О. Смоляков.

Сонымен бірге, оның айтуынша, Ұлттық Банк шоғырлану процесіне қатысатын әрбір банк миноритарийлерінің құқықтарын сақтау бойынша, сондай-ақ өзге ілеспе міндеттемелердің толық көлемде орындалуы бойынша қаржы институттары міндеттемелерінің орындалуы бөлігінде мониторингті жүзеге асыруға дайын екендігін мәлімдейді.  

«Сонымен бірге Қазақстан заңнамасына сәйкес «Қазақстан Халық Банкі» АҚ пен «Қазком» АҚ талқылап отырған мәміленің уақытша шектеулері жоқ екеніне көңіл аудару қажет», - деп атап өтті О. Смоляков.  Ол «Ұлттық Банк банк секторының қаржылық орнықтылығын және банктердің банк заңнамасының талаптарын бұлжытпай сақтауын қамтамасыз ету саясатын жалғастырады», - деп толықтырды.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандағы ипотека: ережелері мен ерекшеліктері

Көптеген қазақстандықтар үшін ипотека жылжымайтын мүлікті сатып алудың немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың іс жүзіндегі жалғыз жолы болып табылады. Алайда, айқын артықшылықтарына қарамастан, қарыз алу кезеңі өте ұзақ болғандықтан, қарыз алушылар үшін белгілі бір тәуекелдер туындайды. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz