Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

 Жарияланымдар, есептер, сұхбаттар

Бүгін Қазақстан Ұлттық Банкі Шымкент қ. әкімдігімен бірлесіп өткізген кездесу барысында Оңтүстік Қазақстан облысының ипотекалық қарыз алушыларының мәселелері қарастырылды. Бұл кездесуге сондай-ақ ипотекалық қарыз алушылардың мүдделерін білдіретін қоғамдық бірлестіктердің басшылары да қатысты.

ҚРҰБ Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау және сыртқы коммуникациялар басқармасының бастығы Александр Терентьев қарыз алушылармен Ипотекалық тұрғын үй қарыздарын/ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асыру бойынша өзекті ақпаратпен бөлісті, сондай-ақ азаматтарды қабылдады. Кездесу барысында оған қатысқан әрбір ипотекалық қарыз алушының жағдайын жеке тәртіппен қарап, Бағдарлама шеңберінде қарыздарды қайта қаржыландыру мәселесі бойынша консультациялар берілді.

Бағдарламаны тиімді іске асыру үшін Ұлттық Банк Әділет министрлігімен бірлесіп Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландырылатын қарыздар бойынша кепіл мүлкінен тыйымды шұғыл түрінде алу жөніндегі мәселені пысықтады, ҚРҰБ және Ұлттық экономика министрлігі, Қаржы министрлігі 2027 жылға дейін қарыз алушы жеке тұлғалар мен банктерді Бағдарлама шеңберінде туындайтын салықтарды төлеуден босату жөніндегі жұмысты жүргізді. «Сонымен бірге банктерге Бағдарламаның іске асырылуы кезеңінде қарыз алушыларды жалғыз баспанасынан шығаруды тоқтату туралы хаттар жіберілді, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жұмыс істемейтін қарыз алушылар мен олардың отбасы мүшелерін жұмысқа орналастыру мәселелері шешілуде, банктермен қазіргі уақытта кредиторлар алдындағы міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндігі жоқ қарыз алушылардың қарыздарын өтеуінің оңтайлы нұсқаларын ұсыну жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілуде»», – деп хабарлады А. Терентьев.

Ол Ұлттық Банктің 2014 жылы бірқатар банкпен және қоғамдық бірлестіктермен азаматтарды жылыту маусымында жалғыз баспанасынан шығаруға тыйым салатын Меморандумға қол қойғанын еске салды. Реттеуші Алматы қ. әкімдігімен және бірқатар банкпен 2016 жылғы 28 шілдеде тағы да бір Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Осы келісім мақсаттарының бірі сондай-ақ проблемалық қарыз алушыларды қарыз алушының/кепіл берушінің жалғыз баспанасынан  шығаруды 1 жыл мерзімге тоқтата тұру болып табылады. 

«Қарыз алушылар туындаған сұрақтар бойынша Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесіне, өңірлерде – Ұлттық Банктің аумақтық филиалдарына жүгіне алады, онда оларға консультациялар беріледі және қажетті барлық көмек көрсетіледі», – деп атап өтті Қазақстан Ұлттық Банкінің өкілі.

ҚРҰБ Оңтүстік Қазақстан филиалының директоры Әнуар Ботанбеков және  Шымкент қ. әкімінің орынбасары Гүлжан Құрманбекова Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша қарыз алушылардың шағымдарын қарау жөніндегі комиссияның жұмысы туралы қарыз алушыларды хабардар етті. «Комиссия  2016 жылы  13 отырыс өткізді, онда 377 өтініш қаралды, оның 201 өтініші бойынша екінші деңгейдегі банктерге қарыздарды Бағдарлама шеңберінде қайта қаржыландыру туралы ұсынымдар жіберілді», – деп атап өтті кездесуге қатысушылар.

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша банктер қайта қаржыландыруға 18,7 млрд. теңге  жалпы сомада 3 119 өтінімді қарады, олардың 12,2 млрд. теңге сомадағы 2 446 өтінімі мақұлдады, бұл Қазақстан бойынша қайта қаржыландырудың жалпы сомасынан 10%-ды құрайды.

Ұлттық Банк пен ҚР Үкіметі ипотекалық қарыз алушылардың проблемаларын шешу жөніндегі шаралар кешенін Мемлекет басшысының 2015 жылғы ақпанда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берілген тапсырмасына сәйкес іске асырып жатырғанын еске саламыз. 2015 жылғы сәуірден бастап мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, партиялардың, банктердің және т.б. қатысуымен әзірленген Ипотекалық қарыздарды қайта қаржыландыру бағдарламасы іске асырылып келеді. Бағдарлама 2004 – 2009 жылдар аралығындағы кезеңде қарыз алған ипотекалық қарыз алушыларға көмек көрсетуге бағытталған. Бағдарламаның негізгі мақсаттары қарыз алушылардың жалғыз баспанасын сақтау және олардың борыштық жүктемесін жеңілдету болып табылады. Банктердің бөлінген ақшаны игеру кезеңі 2017 жылғы 1 сәуірде аяқталады.

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы ипотека: ережелері мен ерекшеліктері

Көптеген қазақстандықтар үшін ипотека жылжымайтын мүлікті сатып алудың немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың іс жүзіндегі жалғыз жолы болып табылады. Алайда, айқын артықшылықтарына қарамастан, қарыз алу кезеңі өте ұзақ болғандықтан, қарыз алушылар үшін белгілі бір тәуекелдер туындайды. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz