Ақпараттық хабар

Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры тәуекелдерді әртараптандыру үшін жинақтар сомасы кепілдіктердің мөлшерінен асып кеткен жағдайда, бірнеше банкте шот ашуды ұсынды. Баршамызға белгілі болғандай, кепілдіктердің ең жоғарғы мөлшері: теңгедегі салымдар бойынша 10 миллионға дейін, валюта бойынша 5 млн. теңгеге дейін. Бұл туралы бүгін БЖЗҚ-тағы брифинг барысында жеке тұлғалар мен дара кәсіпкерлердің салымдарына кепілдік беру нормаларын қайта қарау туралы журналистердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов айтып өтті.    

«ҚДКҚ жұмысының барлық кезеңінде кепілдікпен өтеу сомасы ұлттық валютада 400 мың теңгеден 10 млн. теңгеге дейін ұлғаю жағына қарай өзгергенін атап өткен жөн. Бұл ретте, кепілдіктің ағымдағы мөлшері жеке тұлғалар шоттарының жалпы санының 99%-дан астамын толығымен өтей отырып, халықаралық тәжірибеге толық сәйкес келеді. Халықаралық стандарттарға сәйкес нарықтың тәртіп факторының сақталуы мақсатында сақтандырып өтеу 100 пайыз болмауға тиіс», - деп атап өтті Н. Тұрсынханов.

Ол ҚДКҚ өз хабарлары мен сөйлеген сөздерінде, сондай-ақ өздерінің сайтында кепілдік әр банкке жеке-жеке қолданылатынын атап өте отырып, кепілдікпен өтеу мөлшері туралы ақпаратты қамтитынын хабарлады. «Егер депозиттерді бірнеше банктерге орналастыруды жүзеге асырсақ, онда олар әрбір банкте жеке-жеке ҚДКҚ кепілдігімен қорғалатын болады», - деп сөзін қорытындылады Н. Тұрсынханов.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы ипотека: ережелері мен ерекшеліктері

Көптеген қазақстандықтар үшін ипотека жылжымайтын мүлікті сатып алудың немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың іс жүзіндегі жалғыз жолы болып табылады. Алайда, айқын артықшылықтарына қарамастан, қарыз алу кезеңі өте ұзақ болғандықтан, қарыз алушылар үшін белгілі бір тәуекелдер туындайды. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz