Инвестициялық кіріс тұрақты шама болып табылмайды және ол инвестициялық портфельдің құрылымына байланысты. Бұл туралы брифинг барысында журналистердің сұрақтарына жауап беру кезінде «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы Дина Ғалиева хабарлады.
Инвестициялық кірістің шамасы қаржы құралдары бағасының ауытқуы, валюталар бағамының өзгеруі сияқты бірқатар факторларға байланысты өзгеріске ұшырағыш болып келеді, - деп түсіндірді ол. Мысал ретінде Д.Ғалиева «зейнетақы активтерінің кірістілігіне портфельдегі үлесі 23,0%-ды құрайтын валюталық құралдар, сондай-ақ үлесі 21,0%-ды құрайтын инфляцияға индекстелген Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары (МЕУЖКАМ) айтарлықтай ықпал етеді».
«Тұтастай алғанда зейнетақы активтерінің кірістілігін неғұрлым ұзақ кезеңге қатысты қараған дұрыс», - деп қорытындылады «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесінің Төрағасы.