Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

2,9 млрд. теңге мөлшеріндегі БЖЗҚ зейнетақы активтері 2016 жылғы 21 сәуірде жылдық 15,6% кірістілігімен «Қазинвестбанк» АҚ-тың негізделген депозитіне инвестицияланды. Зейнетақы активтерін инвестициялау кезінде аталған банк қойылған талаптарға сәйкес келді, оның ішінде белгіленген пруденциялық нормативтерді сақтады және Standard&Poor’s агенттігінің халықаралық шкаласы бойынша «В-» деңгейіндегі кредиттік рейтингі болды. Бұл туралы БАҚ-қа арналған брифингте зейнетақы қаражатын 2016 жылғы желтоқсанда лицензиясынан айырылған Қазинвестбанкке орналастыру себептері туралы журналисттердің сұрақтарына жауап бере отырып, ҚР Ұлттық Банкінің Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов хабарлады.  

«Қазинвестбанкте зейнетақы активтерінің есебінен 2,9 млрд. теңге сомасына бір негізделген депозит орналастырылған, ол 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы активтерінің жалпы мөлшерінің 0,04%-ын құрайды», - деп хабарлады  Н. Тұрсынханов.

Н. Тұрсынханов 200 млрд. теңгені екінші деңгейдегі банктер арқылы орналастыру туралы шешім ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында қабылданғанын еске салып өтті. Алынған қаражатты банктер «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде ШОБ-ты кредиттеуге бағыттауы тиіс болатын.    

«Транспаренттілік пен тең құқықтылық қағидаттарын ескере отырып, аталған бағдарламаға кредиттік рейтингі бар және осы банктерде бұрын орналастырылған зейнетақы қаражатының мөлшері белгіленген лимиттен аспаған жағдайда, барлық банктердің қатысуына болады», - деп атап өтті Ұлттық Банк өкілі. Оның айтуы бойынша, бағдарламаны іске қосқан сәтте жүйе бойынша 35 банктің ішіндегі 30 банк, оның ішінде «Қазинвестбанк» АҚ белгіленген талаптарға сәйкес келді. Ұсыныс барлық 30 банкке жіберілді. Бүгінгі күні жалпы сомасы 112,8 млрд.теңгеге 15 банк қаржыландырылды, қалғаны қатысудан бас тартты. Бас тартқандар негізінен меншікті инвестициялық жобаларын іске асыратын шетелдік қатысуы бар банктер және ШОБ-пен дәстүрлі түрде жұмыс істемейтін банктер.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы ипотека: ережелері мен ерекшеліктері

Көптеген қазақстандықтар үшін ипотека жылжымайтын мүлікті сатып алудың немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың іс жүзіндегі жалғыз жолы болып табылады. Алайда, айқын артықшылықтарына қарамастан, қарыз алу кезеңі өте ұзақ болғандықтан, қарыз алушылар үшін белгілі бір тәуекелдер туындайды. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz