Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің салымдарына орналастырылған зейнетақы активтерінің көлемі 400 млрд. теңгені немесе зейнетақы активтері көлемінің 6%-н құрайды. Мұндай ақпаратты «БЖЗҚ» АҚ Директорлар кеңесі отырысының қорытындысы бойынша өткен брифинг кезінде ҚРҰБ Монетарлық операциялар департаменті директорының орынбасары Нұржан Тұрсынханов хабарлады.

Сонымен бірге ол зейнетақы активтерін инвестициялау ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 10 ақпандағы кеңейтілген отырысы барысында айтылған Мемлекет басшысының тапсырмаларына, сондай-ақ ҚР Ұлттық қорын басқару жөніндегі кеңестің шешіміне сәйкес жүзеге асырылғанын хабарлады. «2016 жылы БЖЗҚ-ның зейнетақы активтері нарықтық талаптармен мынадай бағыттар бойынша инвестицияланды: Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын сатып алу; шетелдік қаржы нарықтарында инвестициялау үшін шетел валютасын сатып алу; шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін қаржыландыру үшін екінші деңгейдегі банктердің негізделген депозиттеріне инвестициялау; квазимемлекеттік сектор субъектілерінің негізделген борыштық бағалы қағаздарын сатып алу», - деп түсіндірді Н. Тұрсынханов.

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы ипотека: ережелері мен ерекшеліктері

Көптеген қазақстандықтар үшін ипотека жылжымайтын мүлікті сатып алудың немесе тұрғын үй жағдайын жақсартудың іс жүзіндегі жалғыз жолы болып табылады. Алайда, айқын артықшылықтарына қарамастан, қарыз алу кезеңі өте ұзақ болғандықтан, қарыз алушылар үшін белгілі бір тәуекелдер туындайды. 

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz