Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Ұлттық Банк 2017 жылғы 2-тоқсаннның қорытындысы бойынша микроқаржы ұйымдары (бұдан әрі – МҚҰ) жиірек жол беретін қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.

Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтар қорытындысы бойынша:

- 1 МҚҰ-ға қатысты айыппұл салу және өндіріп алу түріндегі санкция қолданылды;

- 9 МҚҰ-ға қатысты 9 шектеулі ықпал ету шарасы қолданылды, оның ішінде 8 жазбаша ұйғарым, 1 жазбаша ескерту жасалды.

Бұл санкциялар мен ықпал ету шаралары:

- МҚҰ-ның уәкілетті органға белгілі бір есепті кезең үшін қаржылық есептілікті ұсынбауына, сол сияқты уақтылы ұсынбауына;

- МҚҰ-ның микрокредиттер беру жөніндегі қызметтерді бекіту туралы хабарламаларды уәкілетті органға ұсынбауына, сол сияқты уақтылы ұсынбауына; 

- ҚР-дың қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасына сәйкес уәкілетті органның мониторингіне жататын операциялар бойынша ақпаратты ұсынбауына;

- микрокредит беру туралы шарт талаптарының (мазмұнының) Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты қолданылды.

Қарыз алушылардың банктік қарыз шарттары сияқты микрокредиттер талаптары туралы анағұрлым хабардар болуы үшін микрокредит беру туралы шарттардың мазмұнына талаптар белгіленгенін атап өтеміз.

Мәселен, микрокредит беру туралы шарттың мазмұнына қойылатын міндетті талаптар мен шектеулер «Микроқаржы ұйымдары туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – МҚҰ туралы заң) 4-бабында белгіленген.

Бұл ретте микрокредит беру туралы шартта (бұдан әрі – шарт) көрсетілген мәндер заңнамада белгіленген шектеулерден аспауға тиіс, атап айтқанда:

  1. шартта көрсетілетін микрокредит беруге және оған қызмет көрсетуге байланысты алуға жататын комиссиялар мен өзге де төлемдер, сондай-ақ олардың мөлшері МҚҰ туралы заңның 4-бабының 2-1-тармағына сәйкес Комиссиялар тізбесіне[1] сәйкес келуге тиіс, ол тізбе жеке тұлғаға берілген (берілетін) және жеке тұлғаның кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруымен байланысты емес банк қарыздары мен микрокредиттерге қатысты қолданылады;
  2. шартта көрсетілетін және қарыз алушының сыйақыдан, болған кезде – комиссиялық алымдардан және микрокредитті бергені, қызмет көрсеткені және өтегені (қайтарғаны) үшін МҚҰ-ға төленуге жататын өзге де төлемдерден тұратын шығыстарын ескере отырып есептелетін микрокредит бойынша сыйақының жылдық тиімді  мөлшерлемесі 56 (елу алты) пайыздан аспауға тиіс;
  3. МҚҰ туралы заңның 6-бабының 1-1-тармағында жеке тұлғамен жасалған шарт бойынша қарыз алушы жүргізген төлем сомасын өтеу кезектілігі көзделген. Егер қарыз алушының жүргізген төлем сомасы шарт бойынша міндеттемелерін орындау үшін жеткіліксіз болса, бірінші кезекте қарыз алушының негізгі борышы бойынша берешегі өтеледі.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға, егер, Сіздің пікіріңізше, құқығыңыз бұзылған болса, Ұлттық Банкке өтініш жасауға құқылы екендіктеріңізге назар аударамыз: 

 

  • 050000, Алматы қ.,   Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz мекенжайына жазбаша;

 

  • құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;

 

  • Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі;

 

  • Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдары (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh)).

 

 

 

 

 

 

 

 

 

[1] «Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесін есептеу кезінде ескерілетін, жеке тұлғаға берілген банктік қарыз және микрокредит беруге және оларға қызмет көрсетуге байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 30 мамырдағы № 134 қаулысы

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Қазақстандағы исламдық қаржыландыру: нелерді білу маңызды

Қазақстанның қаржы нарығы күннен күнге түрленуде — бүгін қазақстандықтардың әртүрлі банктердің арасында ғана емес, сондай-ақ банктердің өз жұмысында басшылыққа алатын қағидаттарын да таңдау мүмкіндігі бар. Осындай балама тәсілдердің бірі — шариғат нормаларына негізделген және алыпсатарлықты, өсімқорлықты және тыйым салынған салаларға инвестицияларға (мысалы, алкоголь немесе құмар ойындар) тыйым салатын исламдық қаржыландыру.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz