Ақпараттық хабар

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 2017 жылғы 2-тоқсанның қорытындылары бойынша сақтандыру ұйымдарының қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін барынша жиі бұзушылықтарға мониторинг және талдау жүргізді.

Осы кезеңдегі өтініштер мен шағымдардың өзекті мәселелері көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыруға, аннуитеттік сақтандыруға, автомобиль көлігін сақтандырудың ерікті түрлеріне, кепіл мүлкіне, өмірді, өмірді жинақтаушы сақтандыруға байланысты.

Есепті кезеңде анықталған бұзушылықтардың қорытындылары бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі  2 сақтандыру ұйымына қатысты 2 ықпал ету шарасын, оның ішінде 1 жазбаша ескертуді және 1 жазбаша ұйғарымды қолданды.

Жазбаша ұйғарым өтініш берушінің өтініші бойынша құжаттамалық тексеру шеңберінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалы сұратқан материалдарды толық ұсынбағаны үшін сақтандыру ұйымына қатысты шығарылды.

Сақтандыру ұйымына қатысты жазбаша ескерту «Көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабы 3-тармағының және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 28 қаңтардағы № 14 қаулысымен бекітілген Көлік құралына келтірілген зиянның мөлшерін айқындау қағидаларының талаптарын келтірілген зиянның мөлшеріне белгіленген мерзімде бағалау жүргізбеу бөлігін  бұзғаны үшін  берілді.

Қаржылық қызметтерді тұтынушыларға құқықтарыңыз бұзылған жағдайда мыналарға өтініш жасауға құқылы екендіктеріңізге назар аударамыз:

 

  • Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне:

 

050000, Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, e-mail: info@kzp.nationalbank.kz мекенжайы бойынша жазбаша;

 

құқықтық көмек алу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мына мекенжайдағы Қоғамдық қабылдау бөлмесіне: Алматы қ., Әйтеке би к-сі, 67, анықтама үшін телефондар: +7 (727) 2619 213, +7 (727) 2788 104, ішкі 2061;

Ұлттық Банктің Қоғамдық қабылдау бөлмесінің мобильді нұсқасы болып табылатын «ҚҰБ «Online» мобильді қосымшасының (бұл қосымша App Store және Play Market дүкендерінде мемлекеттік және орыс тілдерінде көшіріп алу үшін қолжетімді) «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімі;

 

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалдарына (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің  www.nationalbank.kz сайтында «Қаржылық қызметтерді тұтынушылардың құқықтарын қорғау» бөлімінде көрсетілген мекенжайлар бойынша (http://www.nationalbank.kz/?docid=1149&switch=kazakh));

 

  • сақтандыру омбудсманына, өзінің қызметінде тәуелсіз,  көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шарттарынан туындайтын сақтанушылар (пайда алушылар) және сақтандырушылар арасындағы өзара қарым-қатынастарды реттеуді өтеусіз негізде жүзеге асыратын жеке тұлғаға.

Сақтандыру омбудсманының деректемелері: 050002, Алматы қ., Қайырбеков к-сі 16, 67-офис, тел/факс +7 (727) 382-41-74, 382-37-96, www.insurance-ombudsman.kz.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Инвестициялар саласындағы алаяқтық схемалар: алданып қалмаудың амалдары

Соңғы жылдары, жаппай цифрландыруға байланысты онлайн форматта инвестиция жасайтын адамдардың саны айтарлықтай өсті. Ісін жаңадан бастаған инвесторлар инвестициялар туралы ақпарат алу үшін әлеуметтік желілер мен трендтерге жиі жүгінеді.Әлеуметтік желілер инвесторлар үшін көптеген артықшылықтар бере алғанымен, алаяқтар үшін де көп мүмкіндіктер туғызады.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz