№19 баспасөз релизі

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі базалық мөлшерлемені +/-1%-дық дәлізбен 10,5% деңгейінде сақтау туралы шешім қабылдады. Жылдық инфляция деңгейі Ұлттық Банктің болжамды бағаларымен сәйкес келеді және нысаналы дәліз шеңберінде қалуда, инфляциялық күтулер тұрақты деңгейде қалыптасуда. Инфляциялық тәуекелдер жекелеген тауар нарықтарында туындайтын ұсыныс факторлары және сыртқы параметрлердің экономиканың дамуының базалық сценарийінен ауытқуы тарапынан болуы мүмкін.

Соған қарамастан, болжамды инфляцияның орта мерзімді кезеңдегі баяулау траекториясы нақты пайыздық базалық мөлшерлеменің экономиканың әлеуетті қарқынына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді перспективада да, алдағы 12-18 айда да базалық мөлшерлеменің төмендеу ықтималдығын арттырады. 

 2017 жылғы маусымда жылдық инфляция 7,5%-ды құрады және Ұлттық Банктің нысаналы дәлізі шеңберінде (6-8%) сақталуда. Инфляцияның ағымдағы жылғы 1-жартыжылдықта (3,7%) 2016 жылғы 1-жартыжылдықпен (4,6%) салыстырғанда едәуір төмен болуы, сондай-ақ жылдың басынан бері айтарлықтай баяулайтын және жалпы инфляциямен салыстырғанда айтарлықтай төмен деңгейде қалыптасатын баға күйзелістері мен ауытқу құрауыштары кірмейтін базалық инфляция көрсеткіштері инфляцияның төмендеу үрдісінің маңызды белгілері болып табылады. Базалық инфляция маусымда 6,8% (2016 жылғы желтоқсанда – 8,9%) болды.

Азық-түлік нарығының жекелеген сегменттеріндегі ахуал соңғы айлардың қысқа мерзімді инфляциялық тәуекелі болды, алайда жаңа өнім кезеңінің басталуы азық-түлік бағаларының жалпы серпініндегі жағымсыз үрдістерді реттеді.  

Халықтың инфляциялық күтулері 2017 жылдың басынан бері тұрақтылықты сақтап отыр. Маусымда инфляцияның бір жыл алға берілген сандық бағасы 6,4%-ды құрады және нақты инфляция деңгейінен төмен, сондай-ақ инфляция дәлізінің 2018 жылға арналған шегінде қалып отыр. Маусым айында жасалған пікіртерім нәтижелері қабылданатын жылдық инфляция мен халықтың бір жыл алға арналған күтулері аздап төмендегенін көрсетті.  

Сыртқы тауар нарықтарындағы ахуал құбылмалылығымен сипатталады. Мұнай бағасының бір баррель үшін 50 доллардан төмен деңгейде қалыптасуы және мамырда-маусымда әлемдік азық-түлік нарықтарындағы баға индексінің өсуінің, негізінен, сүт өнімдері мен дәнді-дақылдардың қымбаттауы салдарынан жылдамдауы инфляциялық аяның күшеюіне әкеп соғуы мүмкін.

Салымшылардың валюталық басымдықтары теңгемен  активтердің пайдасына сақталуда. Маусымның алдын ала деректері бойынша теңгемен депозиттер үлесінің валюталық депозиттер үлесінен асып кетуі одан әрі жалғасуда. Теңгемен кредиттер үлесінің өсуі де байқалуда. Бұл ретте кредиттік ресурстарға деген сұраныс тұрақты болып қалуда және мөлшерлемелердің біртіндеп төмендеуімен қатар жүруде. Кредиттеудің қысқа мерзімді серпіні банк секторындағы шоғырлану процестерімен шектелуде.     

Экономикада іскерлік белсенділік жандануын жалғастыруда, ішкі экономикалық көрсеткіштер серпіні қалыпқа келу үрдісінің сақталғанын көрсетіп отыр. Мәселен, маусымда елдегі жиынтық ұсынысты көрсететін қысқа мерзімді экономикалық индикатордың өсуі жылдық көрсеткіш бойынша 107,4%-ды құрады. Алайда халықтың ағымдағы жылғы нақты кірістері бойынша бағалау деректерін статистикалық ведомствоның айтарлықтай төмендеу жағына қарай қайта қарауы тұтыну сұранысының одан арғы серпінінің белгісіздігіне себепші болуда.   

Ақша-кредит шарттары бейтарап күйде қалуда. Артық өтімділік жағдайында ақша нарығының мөлшерлемелері пайыздық дәліздің төменгі шегінде сақталуда. Ағымдағы жылғы үшінші тоқсанда банк секторының қаржылық орнықтылығын арттыру бағдарламасының іске қосылуына байланысты кейіннен оның кредиттік белсенділігінің қалпына келуі күтіледі.

Базалық мөлшерлеме бойынша кезекті шешім 2017 жылғы 21 тамызда Астана уақытымен сағат 17:00-де жарияланатын болады.

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz