Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасының қаржы жүйесінде киберқауіпсіздікті қамтамасыз етумен байланысты тәуекелдерге мониторинг жүргізу шеңберінде ағымдағы ахуал мен ықтимал қауіптерге тұрақты түрде талдау жүргізіп отырады. Осы жұмыстарды жүргізу кезінде Ұлттық Банк еліміздің қаржы ұйымдарымен белсенді түрде ынтымақтастықта болады, ықтимал қауіптердің алдын алу және анықтау бойынша жүйелік шешімдер қабылдауға бағытталған шараларды әзірлейді.

Қауіптердің алдын алу кезінде азаматтардың пайдаланылатын кибершабуылдар мен жіберілетін вирустардың схемаларынан, сондай-ақ ықтимал тәуекелдерді төмендетуге бағытталған шаралардан хабардар болуы айтарлықтай рөл атқарады.

Атап айтқанда, кейбір елдерде SMS-банкинг мен мобильді банкинг пайдаланушылары үшін Android операциялық базасында орнатылған мобильді банктік қосымшаларға заңсыз қол жеткізу бөлігінде қауіп төндіретін зиянкес бағдарламаның (вирустың) жаңа түрінің таралу жағдайларының анықталғаны туралы хабарлар алынды. Бұл вирус суреттер немесе өзге де мультимедиялық файлды «көруге» сілтемеден тұратын SMS-хабарлар арқылы таратылады.      

Соған байланысты ҚР Ұлттық Банкі Интернетке/мобильді банкингке қол жеткізілетін мобильді телефонға хабарлар алған кезде қырағылық танытып, оның және оның салдарларының таралу тәуекелін төмендетуге бағытталған мынадай шараларды қабылдауға кеңес береді:

1) келіп түскен хабарларды мұқият қарау және белгісіз адресаттардан келген сілтемелерді ашпау, белгілі адресаттардан сілтеме алған кезде және вирус деп күдіктенсеңіз (бұған дейін бұл адресат мұндай тақырыпқа сілтеме жібермесе), сілтемені ашпағаныңыз жөн;

2) мобильді қондырғыға келіп түскен белгісіз бағдарламаларды орнату және (немесе) оларға қосымша құқық беру туралы хабарларға рұқсат бермеу;

3) вирусқа қарсы сенімді бағдарламаны пайдалану, оны және операциялық жүйені үнемі жаңартып отыру қажет;

4) өзіңіз қызметтерін пайдаланатын Банктердің сайттарын не жаңалықтар жолақтары арқылы әлеуетті қауіптер мен олардың алдын алу әдістері туралы мәліметтерді үнемі қадағалап отырыңыз;   

5) төлем карточкалары және банктік шоттар (PIN-код, карточканың сырт жағындағы СVV код, Интернеттегі/мобильді банкингтегі пароль) бойынша конфиденциалды мәліметтерді (деректемелерді) үшінші тұлғаларға бермеңіз. 

 

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz