Ақпараттық хабар

2017 жылғы 12 шілдеде ҚРҰБ Төрағасы Д. Ақышев бастаған ҚР Ұлттық Банкінің делегациясы Еуразиялық экономикалық одақ ұлттық (орталық) банктерінің валюталық саясат жөніндегі консультативтік кеңесінің Санкт-Петербург қаласында өткен 14-ші отырысына қатысты.

Отырыс барысында Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы және Ресей Федерациясы орталық (ұлттық) банктерінің төрағалары ағымдағы экономикалық ахуал, валюталық бағам саясатын қоса алғанда, ақша-кредит саясатын іске асыру туралы ақпарат алмасты.

Тараптар ортақ қаржы нарығын құру шеңберінде Еуразиялық экономикалық одаққа қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамаларын үйлестірумен, сондай-ақ тұтынушылардың, бизнес-құрылымдардың және қаржы институттарының мүддесін ескере отырып қаржы нарықтарын ықпалдастырудың тәсілдерін әзірлеумен байланысты мәселелерді талқылады.      

Валюталық саясат жөніндегі консультативтік кеңес Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің орталық (ұлттық) банктерінің консультативтік-кеңесші органы болып табылады, оның негізгі мақсаты валюталық саясатты үйлестіру, оның ішінде өзара есеп айырысу кезінде ұлттық валюталарды кеңінен пайдалануды қамтамасыз етудің бірыңғай тәсілдері мен бағыттарын әзірлеу болып табылады.

Соңғы жаңалықтар

Дропперлік: алаяқтық схемаға қалай серіктес болып қалмау керек

Соңғы жылдары Қазақстанда қаржылық алаяқтыққа байланысты құқықбұзушылықтар саны артып келеді. Қарапайым азаматтарды қылмыстық әрекеттерге тартудың жаңа түрлерінің бірі — дропперлік. Алғашында бұл жеңіл әрі тәуекелсіз табыс көзі сияқты көрінеді. Алайда іс жүзінде — бұл қылмыстық жауапкершілікке апаратын жол. Fingramota.kz дропперлік схемалардан қалай сақтану керектігін түсіндіреді.

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz