Үкімет пен Ұлттық Банк қабылдаған банк секторын қолдау жөніндегі шаралар банк секторының жұмыс істемейтін активтерін қысқартуға, банктердің нақты секторды кредиттеуіне деген қызығушылығын жандандыруға әкеледі және жалпы алғанда ел экономикасының дамуына мультипликативті әсер етеді. Бұл жайлы бүгін Алматы қаласында БАҚ-қа арналған брифинг барысында Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Олег Смоляков мәлімдеді.
«Бағдарлама ірі банктердің капиталын қолдайды, банк секторының қаржылық тұрақтылығын және ықтимал жаңа қолайсыз сыртқы сын-қатерлер мен факторларға орнықтылығын күшейтеді», - деді ол.
Оның айтуынша, банктердің қолданылып жүрген стратегиялары мен бизнес-модельдерін қайта қарау және оңтайландыру, провизиялау және жұмыс істемейтін кредиттерді есептен шығару нәтижесінде олардың капиталына қысымды төмендету жыл сайын кем дегенде 300 млрд.теңге көлемінде экономиканың басым салаларын кредиттеуді кеңейтуге әкеледі. «Бұл сол сияқты банктерге жаңа тиімді банктік қызметтерді кеңейту мен дамытуға, оның ішінде банк ісіндегі цифрлық технологияларды дамытуға назар аударуға мүмкіндік берді және көрсетілетін қызмет құнының төмендеуіне әкеледі», - деп толықтырды О. Смоляков.