Ақпараттық хабар

Ақпараттық  хабар

Қазақстанда Халыққа арналған тазартылған алтынның өлшеуіш құймаларын сату мен сатып алу бағдарламасы іске қосылады. Ол туралы бүгін ҚР Ұлттық Банкінің Төрағасы Данияр Ақышев Алматы қ. БАҚ-қа арналған брифинг барысында хабарлады. 

«2016 жылғы қыркүйекте Мемлекет басшысының қатысуымен өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында, Ұлттық Банк алтын құймалардың біздің азаматтарымыз үшін инвестицияларды жүзеге асыру және жинақ ақшасы үшін жаңа құрал бола алатынын атап өтті. Бүгін біз осы жоба бойынша барлық дайындық жұмыстарының аяқталғанын және бүгінгі күннен бастап алтын құймалардың біздің азаматтарымыз үшін қолжетімді болатыны туралы хабарлаймыз», – деді Д. Ақышев.

Ол алтын құймалардың Қазақстан теңге сарайында дайындалғанын және 10, 20, 50 және 100 грамм болып төрт түрде ұсынылғанын, ауқымды филиалдық желісі бар екінші деңгейдегі банктер арқылы сатылатыны туралы хабарлады. «Өлшеуіш алтын құймалардың шикізатынан бастап – түпкілікті өніміне дейін тек қазақстандық болып табылатынына назар аударған жөн. Ұлттық Банк алтын құймаларының «төр тоғыздық» сынамды жоғары сапасына кепілдік береді», – деп атап өтті Д. Ақышев. 

Оның айтуынша, қазір Қазақстан азаматтары үшін шетел жинақтаудың негізгі тәсілі банктердегі депозиттер мен қолма-қол ақша валютасы болып табылады. «Ұлттық Банк аталған құралдарды нақты алтын түрінде толықтыруды ұсынады, – деп сөзін жалғастырды ҚРҰБ басшысы. – Біздің негізгі идеямыз алтынды халыққа сату ғана емес, өтімді әрі белсенді нарықты іске қосу, онда азаматтар аталған алтынды жинақ ақша үшін сақтайтынын немесе кіріс алу үшін оны сатып алу немесе сату бойынша операцияны жасайтынын өздері таңдай алады.

 «Бүгінгі таңда алтын құймалар Ұлттық Банк шығаратын инвестициялық алтын монеталарды толықтырып, өз орнын алады. Біздің зерттеулеріміздің нәтижелері бойынша, алтын құймаларда халық тарапынан біршама сұраныс әлеуеті бар. Құйма нысанындағы алтын жақсы қабылданады, және оны біртіндеп ұзақ уақыт ішінде әртүрлі өмірлік жағдайларға жинақ ақшаны сақтаудың сенімді құралы ретінде жинақтауға болады», – деп атап өтті Д. Ақышев.

Соңғы жаңалықтар

Өзін-өзі жұмыспен қамтығандарға арналған салық түрлері: нелерді білу қажет?

Өзін-өзі жұмыспен қамтыған адам ретінде жұмыс істеу икемді кестені ғана емес, сонымен бірге асқан жауапкершілік жүктейді, себебі бұл жағдайда сізге қызметтің барлық аспектілері, соның ішінде уақтылы салық төлеу жүктеледі. Ықтимал құқықтық және қаржылық салдарлардың алдын алу үшін белгіленген талаптарды сақтау және міндеттемелердің орындалуын бақылап отыру  аса маңызды.

Ұлттық Банк қазақстандықтардың шоттары туралы есептер алатын болады

Қаржы жүйесінің маңызды міндеттерінің бірі – ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету болып табылады. Оны арттыру үшін Қазақстанның Ұлттық Банкі қаржы ұйымдары үшін жаңа талаптар енгізді.  Оларды түсіну үшін Fingramota.kz-тің көмегіне жүгінелік. 

Валюталардың ресми (нарықтық) бағамдары

Теңгенің шетел валюталарына ресми (нарықтық) бағамдары туралы ақпарат

Назар аударыңыз! Жіберілетін жауаптар ақпараттық-түсіндіру сипатында және ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми жауаптары болып табылмайды. Қосымшада жаңалықтар жолағы және сілтемелер бар, бұл халықтың қаржы саласындағы соңғы жаңалықтардан мен маңызды оқиғалардан хабардар болуына мүмкіндік береді.

 

© Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі, 2020

finreg.kz