Fingramota.kz блогерлер мен әлеуметтік желілерді белсенді пайдаланушыларды қандай қауіп күтетінін айтып, нақты оқиғалармен бөлісіп, интернетте өзіңізді қалай қорғауға болатыны туралы практикалық кеңестер береді.
Блог нысанаға айналғанда
Айман – үш баланың анасы және ана болу мен үйдегі өмірі жайлы блоктың авторы. Оның Instagram-аккаунтында 770 мыңнан астам жазылушы бар. Ол отбасылық оқиғаларымен бөліседі, ұтыс ойындарын өткізеді және кейде жарнама жасайды. Бір күні таңертең ол өзінің аккаунтына кіре алмады. Біреу поштасын, телефон нөмірін ауыстырып, күмәнді сілтемелері бар «инвестициялық ұсыныстарды» белсенді түрде жариялап тастапты. Жазылушылары шағымдана бастайды. Айман қолдау қызметіне жүгінеді, бірақ аккаунтқа кіруді қалпына келтіру бір айдан астам уақытты алды. Аудиториясының бір бөлігі кетіп, беделіне нұқсан келді.
Кейінірек, қаскүнемдердің фишинг сілтеме арқылы кіргені белгілі болды: Айман жарнаманы интеграциялау туралы ұсыныспен түскен хаттың сілтемесін ашқан және деректерін, оның ішінде аккаунты байланыстырылған электрондық поштасын және оның құпиясөзін жалған формаға енгізеді. Қол жеткізгеннен кейін алаяқтар танымал бетті бірден өз мақсаттары үшін пайдалануға тырысқан.
Тіпті кәсібилердің өзі алданып қалады
Данияр – киберқауіпсіздік туралы танымал Telegram-арнасын жүргізген
IT саласындағы маман. Ол алаяқтардың тұзағына түсіп қалмау және құрылғыларды қалай қорғау керектігін айтып отыратын.
Бір күні ол өзі қаскүнемдердің құрбаны болды. Оған өзін стартап иесі ретінде таныстырған жазылушы хат жазып, бірлескен вебинар өткізуді ұсынады. Хабарламада презентациясы бар құжатқа сілтеме болды. Данияр оны ашады және... ештеңеге күдіктенбеді. Бір сағаттан кейін оның Telegram-аккаунты қаскүнемдердің қолында болды. Олар қарызға ақша сұраған хабарламалар мен жалған криптовалюта инвестицияларына сілтемелер жібере бастайды. Бірнеше адам қызығушылық танытады. Парақшаны қалпына келтірілгенмен, беделге нұқсан келді: аудитория одан басқа нәрсе күткен еді.
Презентациясы бар файлда құрылғыдан ақпарат жинап, оны қаскүнемдерге беретін вирус болған. Нәтижесінде алаяқтар арнаға қол жеткізіп қана қоймай, барлық материалдары мен жазылушылар базасын қолды қылды, содан кейін олар бірнеше рет түрлі хабарламалар жіберген.
Сенім капиталға айналғанда
Әсел – психолог және коуч, TikTok және Instagram-да блог жүргізеді, онда ол кәсіби кеңестерімен бөлісіп, тікелей эфирлер өткізеді. Оған оқырмандары қолдау көрсеткені үшін жиі алғыс айтатын, ал кейбіреулері ақылы кеңестеріне жазылатын. Бір күні біреудің оның аты-жөні мен фотосуреттерін ұқсатып профилінің көшірмесін жасағанын, жазушыларына «жеңілдікпен шұғыл сессия» туралы ұсыныстар жібере бастағанын біледі. Ақшаны оның атына сәйкес келмейтін картаға аударуды сұраған. Бірнеше адам Әселмен сөйлесіп жатырмыз деп сеніп, қаражат аударады. Психологтың өзі бұл туралы бірнеше күннен кейін, алданған оқырмандары өзіне хабарласқаннан кейін ғана біледі.
Өкінішке қарай, мұндай жағдайдан ешкім сақтандырылмаған. Дегенмен, аудиториямен қарым-қатынас жасаған кезде оларға өзімен байланыс жасау және қауымдастықтың жұмыс істеу ережелерін келісіп алу маңызды. Мысалы, барлық байланыс тек телефон арқылы немесе одан да жақсысы – бейнебайланыс арқылы жүргізілетінін үнемі айтып отыру қажет. Ол жалған блогер емес, нақты блогермен сөйлесіп отырғанына сенімді болуы үшін қажет.
YouTube-ке шабуыл және арнадан айырылу
Руслан – электрондық техникаға шолулар түсіретін, енді бастаған бейнеблогер. Оның YouTube арнасы бір жыл ішінде 20 мыңнан астам жазылушыны жинады. Бірде ол «брендтің ресми өкілінен» хат алды, онда жаңа өнімдерге шолу жасауға ұсыныс жасалыпты, қаламақысы да қомақты болатын. Шартқа қол қою үшін кейіннен төлемдер түсетін өз картасының деректерін енгізу қажет болды.
Руслан 3d-secure-дің және заңсыз кіруден қорғайтын қосымшаның жоқ екеніне назар аудармай, картасының деректемелерін енгізеді. Осыдан кейін интернеттен сатып алу үшін деген хабарлармен шотынан бірнеше рет аз мөлшерде қаражат есептен шығарылады. Картаны шұғыл түрде бұғаттауға тура келеді, ал кеткен қаражатты қайтару мүмкін болмады. Жаңа шотты байланыстырып, қызметтің өзінен жарнама үшін төлемдер алу үшін техникалық қолдаумен ұзақ уақыт сөйлесуге тура келді.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін нені есте сақтау керек?
Интернеттегі қауіпсіздік мұқият болудан және тұрақты цифрлық гигиенадан басталады. Жазылушылар саны мен белсенділік деңгейіне қарамастан, әр аккаунтқа жауапкершілікпен қарау керек.
Тәуекелдерді азайту үшін:
Әрқашан екі факторлы аутентификаттауды қосыңыз – бұл құпиясөз қолды болғанның өзінде, жағдайды қиындатады.
Күдікті сілтемелерді ашпаңыз, әсіресе бейтаныс адамдардан келген хаттардағы, тіпті олар «кәсіби» болып көрінсе де, ашпаңыз.
Құпиясөздерді қорғалған менеджерлерде бөлек сақтаңыз және оларды ешқашан жазбаларға немесе скриншоттарға салмаңыз.
Хаттар мен хабарламаларды жіберушінің мекенжайын тексеріңіз. Домендегі бір қате сөздің өзі алаяқ екенін білдіреді.
Жеке ақпаратты жариялаудан сақ болыңыз – мекенжайлар, көлік нөмірі, геолокациялық фотосуреттер сіздің пайдаңызға болмауы мүмкін.
Құрылғыларды зиянды бағдарламалардың бар-жоқтығына қатысты мезгіл-мезгіл тексеріп, антивирусты жаңартыңыз.
Бұзылған жағдайда қалпына келтіруді жеңілдету үшін резервтік байланыстар мен аккаунттар жасаңыз.
Дүниежүзілік желі – бұл мүмкіндіктер ғана емес, сонымен қатар қауіп. Қауіпсіз аккаунт – бұл сән-салтанат емес, қажеттілік, әсіресе егер сіз өз өміріңізді кең аудиториямен бөлісетін болсаңыз. Қауіпсіздік мәселесі – сіздің атыңызға, оқырмандарыңыздың сенімі мен жеке беделіңізге жасалған ең жақсы инвестиция.
Өзіңізді қалай қорғау керек екенін біліп жүріңіз және қаржылық сауаттылығыңызды Fingramota.kz-пен бірге арттырыңыз!